Математика. Болжап табуда пайымдаудың тигізетін көмегі.

Таласбаева Меруерт Жалдықарақызы  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылының  №180 “Қызылмақташы” орта мектебінің І санатты математика  пәні мұғалімі.

Тест есептерін шығару кезінде кей оқушылардың жауапты кездейсоқ болжап  таңдай салатыны белгілі.Егер жауапты пайымдау арқылы болжаса, оның шындыққа бір табан жақын келетіні анық. Стандарт емес есептерді шығару кезінде болжап көрудің  ролі зор. Бірақ болжаудың бәрі бірдей дұрыс бола бермейді. Сонымен бірге өзіңнің болжағыштығыңды абайлап пайдаланғаның жөн. Болжағыштық  туралы қысқаша былай деуге болады: «Сене отырып, тексер». Әйгілі  математик  Джордж Пойа былай дейді: «Қажетті ойды, сақшының  жанынан  сездірмей қалаға  өтіп кетпекші болған жау барлаушысымен  салыстыруға болады. Сондықтан  жанынан  өткен адамдардың бәрін бірдей тоқтатып жатпауы үшін сақшы барлаушының   қандай   да  болса бір ерекше белгілерін білуі тиіс». Осы   жерде тесттің жауап нұсқаларындағы  ерекше белгіні аңғара білумен қатар, қарастырылып   жатқан   тақырып    жөнінде оқушының теориялық білімі де  терең болуы керек. 
Болжағыштықты барлаушыға ұқсатып көрейік. Толып жатқан қажетсіз ойлардың ішінен керекті болжамды « тұтып қалу » үшін, әрбір болжамды пайымдап, берілген есепті шығаруда оның қаншалықты пайдасы  барын ойластыру керек.  Мысалы, төмендегі мынадай логикалық тапсырмаларды қарастырайық:

1. сандарының арасынан  өзгешесін тап.

(дұрысы-D, себебі қалғандарында бөлшектің алымы бөлімінен  5 есе  кем болып тұр)

2. Қара, жара, жоба, қора,қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір сандармен

А)5373      B)   4373          C) 5173     D) 5143     E) 4163 белгіленген.  Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз деген логикалық есепте ерекше белгілерді табуда аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа  жаттыққан оқушы    ҰБТ тапсырмаларындағы тапқырлықты, аңғарымпаздықты талап ететін басқа да есептерді шығаруда қиналмайды. Түсінікті болу үшін төмендегі мысалды қарастырайық .      Тригонометрия  тарауының  ішінде  теңсіздіктерді шешуге мектепте уақыт аз бөлінетіндіктен, қарапайым есептердің өзін  шығаруда оқушылар едәуір қиналады. Сондықтан тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді олардың жауаптарының ерекшелігіне қарай  анықтауға болатын жағдайлардың кездесетінін көрсету арқылы  уақыт үнемдеп шығару  тәсілін көрсетсем деймін.  Көбінесе периоды, анықталу облысы (тангенс пен котангенс үшін) және  аралық жақшасына байланысты немесе теңсіздік таңбасының түріне (қатаң, қатаң емес т.б.) қарай ажыратуға болады.Мұнда баланың тригонометриялық функциялар, теңсіздік тақырыбы жөнінде теориялық білімі терең болса, есеп шығаруға аз уақыт (санаулы секунд десе де болады) жіберуге болады Мысалы, байқау сынағының №6033 нұсқасындағы 16 –есепкеқарайық. Қызылмен жазылғандар  қатені білдіреді.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.