Информатика-5. “Word Pad мәтіндік редакторы” тарауы бойынша алған білімдерін тексеру.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы информатика пәні мұғалімі Избасарова Күлайхан Шәймерденқызы

Сабақтың міндеттері:
1. Word Pad  программасымен жұмыс істеудегі іс-әрекеттерін еске түсіру
2. Жұмыс істеу барысындағы ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың жеке, жұппен және топпен жұмыс істей отырып, өз ойын еркін жеткізуге, өзгелердің пікірімен санасуға үйрену.

Күтілетін нәтиже :
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі
3.  Компьютерде жаза біледі
4 . Сыни тұрғыдан ойлай біледі

Оқыту технологиясы:    ақпараттық технология,СТО
Сабақтың типі:   білім мен білікті тексеру сабағы
Сабақтың түрі:    қайталау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілі:  ментальды карта, компьютерде жұмыс,   РАФТ, ой қозғау, автор орындығы, топтық, жұптық
Сабаққа қажетті  құралдар  мен  көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, компьютер, плакат, маркер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзітану

Сабақтың жоспары:

Уақыты

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 1 мин Ұйымдастыру кезеңі АмандасадыОқушыларды түгелдейді Амандасады
2 мин Топтасу 3 түрлі стикер арқылы Түсіне қарай топқа бөліну
2 мин Миға шабуыл:Сұрақ-жауап Слайдтан қауіпсіздік ережесін   көрсету арқылы:  мына жазылған қауіпсіздік ережесінен нені байқап тұрсыңдар? -деген сұрақ қойылады.1.Компьютерді мұғалімнің рұқсатынсыз қосып, өшіруге болмайды.2.Компьютерде жұмыс жасап отырған оқушыға кедергі жасауға болмайды.3.Дымқыл немесе су киіммен компьютерде жұмыс жасауға болмайды.
  1. Қаріпті пішімдеуде курсивный түрі және қызыл түс таңдалған
  2. Қаріпті пішімдеуде жырный түрі таңдалған

 

  1. Астын сызу таңдалған
Негізгі бөлім12 мин Топтық жұмыс   І-топ:  Көшірмелеудің неше жолы бар.ІІ-топ: Қаріпті өңдеуІІІ-топ:  Терезе элементтері Берілген тапсырма бойынша топпен ойласа отырып ортақойдың  шешімін ментальды картаға түсіріп, қорғайды.
8 мин Топтық жұмыс І-топ: “Көркем Астана”ІІ-топ: “Шуақты Шуым”ІІІ-топ:  “Мектебім –алтын ұям” Әр оқушы  берілген тақырып бойынша эссе жазады.Топ шешімі бойынша ортадан ойы жинақы оқушы оқиды.
10 мин Компьютерде  жұппен  жұмыс І-топ: “Тазалық-саулық негізі, саулық –байлық негізі” мәтінді теріп, қайталаған сөздерді  “буферге көшіру, буферден қою” құралдарын пайдаланып жаз.Осы мәтіндегі “саулық” сөзін қызыл түске өзгерт. Мәтін өлшемі-20, орта бойынша туралауда орында.ІІ-топ: “Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар” мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз.Мәтін өлшемі-22, түсін көкпен өзгертіңіз. Мәтіннің көшірмесін орындап, “Білім” атымен сақтаңыз.ІІІ-топ: Айдалада ақ отау,              Аузы-мұрны жоқ отау. Жұмбақты теріп жазыңыз, жұмбақтың жауабына байланысты суретті кірістір және өз құжатыңызда сақтаңыз.

 

Берілген тапсырма бойынша компьютерде жұппен жұмыс жасайды.Бір оқушы мәтін тереді, екінші оқушы оны берілген тапсырма бойынша өңдейді.
5 мин РАФТ Р- рольА- аудиторияФ- формаТ- тақырып Оқушылар компьютер құрылғылары бойынша  қалағанрөлдерін алып оған енеді.
5 мин Ой қозғау(автор орындығы)   І-топ:  Терезе элементтеріІІ-топ:  Көшірмелеудің неше жолы бар.ІІІ-топ: Қаріпті өңдеу Берілген тапсырма бойынша ойларын қорытындылап жазады.Топпен ойласып жинақы жазылған ойды автор орындығында оқиды.Басқа оқушылар өз қалауы боынша орындарында оқиды.
2 мин Сабақты бағалау Бағалау критерийлері:1.Топтағы белсенділігі     1балл2.Ментальдық карта бойынша              1 балл3.Жұппен компьютерде жұмыс істеуі  1 балл4.РАФТ әдісі бойынша  1 балл5.Ой қозғау     1 балл Бірін-бірі, топ басшы бағалайды
2 мин Кері байланыс парағы Стекерлер таратамын Өз пікірлерін жазады
1 мин Үйге тапсырма: “Менің компьютерім”  тақырыбы Эссе жазады

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.