Информатика-5. Алгоритмдерді жазу формалары: сөздік, графикалық.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы информатика пәні мұғалімі Избасарова Күлайхан Шәймерденқызы

Сабақтың мақсаты: Алгоритмнің жазу формалары туралы мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Алгоритмнің жазу жолдары туралы үйрету
2. Блок схема құрып үйренеді
3. Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап ортақ шешімге келуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже :
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі
3.  Шығармашылық қабілеті дамиды.
4 . Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі

Оқыту технологиясы:  Ақпараттық технология, СТО
Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:  диалог, Жигсо, ментальды карта

Сабаққа қажетті құралдар: формат А4, стикер, фламастер, компьютер.

Пән аралық байланыс: математика

 

Сабақтың жоспары:

 

Уақыты Сабақты ұйымдастыру формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 2 мин Ұйымдастыру кезеңі АмандасадыОқушыларды түгелдеймін АмандасадыКезекші жоқ оқушыны баяндайды
2 мин Топтасу Стикердің түріне қарай топтастырамын Стикерлер алады
2 мин Миға шабуыл:Сұрақ-жауап Алгоритм дегеніміз не?Бұл  сөз қайдан шыққан?     Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.Арабтың атақты математигі әл-Хорезми есімінің латынша Алгоритми болып жазылуынан шыққан.
Негізгі бөлім15 мин Жигсо І-топ:  Сөздік түріІІ-топ:  Графикалық түрі Екі топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы жеке оқып түсінеді,жұппен талқылайды, топпен ортақ ойға келеді. Топта топ басшы қаладықалғандары басқа топтарға барып олардың тапсырмасы туралы түсініп келеді.

Әрқайсысы өз түсінгендерін басқаларға айтып түсіндіреді. Ортадан бір оқушы тұрып басқа топтың тапсырмасын айтады, бірақ  сол топқа барып келген оқушы емес, келесі бір басқа оқушы айтады.

18 мин Ментальды картамен жұмыс І-топ:  Сөздік түріІІ-топ:  Графикалық түрі Әр топ өз тапсырмалары бойынша мысал келтіріп ментальды картаға түсіріп, қорғайды. 
2 мин Сабақты бағалау 1.Топтағы белсенділігі   1 балл2.Жаңа сабақты меңгеруі  1 балл3.Өзіндік жұмыс істеуі  1 балл

4. Жигсо әдісі бойынша  1 балл

5. Ментальды карта бойынша талдауы

1 балл

Бірін-бірі, топ басшы бағалайды
2 мин Кері байланыс парағы Стикерлер таратады Өз пікірлерін жазады
1 мин Үйге тапсырма:Сэнкуэйн  І-топ:  СөзІІ-топ:  Графика  Бес жолдық өлең жазу 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.