Паскаль. Сызықтық программалар.

Тілектес
Зертханалық жұмыс № 2
Мақсаты: Сызықтық программаларды ЭЕМ жадына енгізіп, редакциялауды үйрену

Операторлары бірінен соң бірі ретімен орындалатын программа сызықтық деп аталады.
Сызықтық программаларды жазу үшін негізінен read (оқу) – енгізу операторы, write (жазып шығару) – нәтижені экранға шығару операторлары қолданылады.
Бұл операторлардың жазу үлгілері:

read (айнымалы шамалар тізімі);
write(‘түсініктемелер’, айнымалы шама тізімі);
Тапсырма 1.

Екі санның көбейтіндісін есептеу программасын жазу. Ол үшін s1-ші сан, s2-шi, к- көбейтінді белгілеулерін қолданып, k=s1*s2 формуласын аламыз.

Программаны ЭЕМ жадына енгізіңіз:

Program Kobeitu;
Var s1, s2,k: real;
Begin
Write(‘екі сан енгіз’);
readln(s1, s2);
k:=s1*s2;
Writeln(‘k=’;k:6:2);
end.

а) Программаны орындауға жіберу үшін ctrl+F9 пернелерін басыңыз. 7,2 және 4 сандарының көбейтіндісін алу үшін «екі сан енгіз» компьютер сұрағына ең бірінші 7.2 санын енгізіп, Enter  пернесін басамыз, осыдан кейін 4 санын енгізіп, Enter  пернесін басамыз. Нәтижені көру үшін alt+F5 пернесін басамыз.

ә) Басқа сандардың көбейтіндісін есептеу үшін жоғарыдағыдай тәртіппен программаны орындауға екінші рет жіберіп, кез – келген екі сан енгізіп, нәтижені көріңіз. 47,098; 894,65 сандарының көбейтіндісін тауып, жауабын дәптерге жазып алыңыз.

2 тапсырма

y=2x-5 функциясының мәндерін есептеу программсын ЭЕМ жадына енгізіңіз.
Program Func;
Var x, y: integer;
begin
Write(‘x-ке мән беріңіз’);
readln (x);
y:=2*x-5;
writeln (‘y=’,y);
end.

а) Программаны 1-ші тапсырмадағыдай орындауға жіберіп, х-ке 2 мәнін беріп, нәтижені қараңыз.
ә) y=2x2+3x-10 функциясының мәндерін есептеу үшін Func программасына өзгерту енгізіп, орындауға жіберіңіз де, х-тің мәндері 0, 1, 2 болғандағы, у-тің мәндерін  дәптерге жазып алыңыз.

Өздік жұмыс

  1. Сызықтық программа дегеніміз не?
  2. Нәтижені экранға шығару үшін қандай оператор керек?
  3. Үш санның қосындысын есптеуге программа жазыңыз.
  4. Програманы орындауға жіберу үшін қандай пернелерді басу керек?
  5. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуге программа жазыңыз. (s=1/2a*b)

Өздік жұмысты дәптерге орындау керек.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.