Он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу процесіндегі физика пәнін оқытудың кейбір мәселелері

Джанкиева Баян. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп-лицейі физика пәнінің мұғалімі.

Секция:   ІІ. 12 – жылдыққа көшу жағдайында білім берудегі менеджмент және құзырлылық негізінде оқыту мәселелері
Керекті техникалық құралдар:  Интерактивті тақта

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел экономикасының қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көзқарысының заман талабына сай өзгере бастағыны олардың өмір сүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл – әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясатына арқылы ғана шешімін тауып жатады.

Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарына енуі, индустриялануы, инновациялық дамуының негізі де сапалы білімде болмақ. Мүлдем жаңа, өзгерген қоғамның іргетасын қалап, баянды ету жылдарында қоғамдағы өзге салалар сияқты білім беру бағытында да кемшіліктер болғаны шындық. Мұның барлығы кезең-кезеңімен қабылданып жатқан құжаттарда, бағдарламаларда айтылып келеді. Әсіресе, кеше ғана қабылданған «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің бүгінгі жай-күйіне жан-жақты, терең талдау жасалынған.

Әрине, 12 жылдық білім беру мынадай міндеттерді жүзеге асырғанда ғана орындалатыны даусыз:

  • жаңа құрылымның стандартын, тұжырымдамасын, бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын даярлап алу;
  • материалдық базаны жақсарту;
  • бастауыш мектептен бастап, олардың жеке қабілеттерін зерделей отырып, белгілі бір кәсіпке икемділігіне зерттеу жүргізу

12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің күн тәртібіне қойылғанына, әрине, көп уақыт болды, жекелеген мектептерде эксперимент те жүргізілді, осыған байланысты зиялы қауымның өзінің де ой-пікірлерінде қайшылықтар болмай қалған жоқ. Бірақ, осы үрдістің дұрыстығына, қалайда көшу қажеттілігіне дәл бүгін ұстаздар қауымының да, ата-аналардың да көзі жеткендей. Егер біз халықаралық білім кеңістігіне енеміз десек, бұл біздің еліміздегі білім беру үшін дұрыс жол. Себебі, әлемдегі алдыңғы қатарлы АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Англия сияқты алпауыт мемлекеттер білім беруде осы жолды таңдаған.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан – жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әулетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін – өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық – педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артышылық – баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылықты білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.

Қазір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер аса маңызды:

  1. оқушы сабақ оқығысы келуіне дағдыландыру (өз пәніне қызықтыра білу)
  2. өз пәнінің мазмұнын жетік білу
  3. оқыту әдістемелірінің сан салалы түрін меңгеру.

Осы орайда қазіргі Қазақстан Республикасы мұғалімнің келбеті мынадай болуы керек деп есептеймін:

1)    білімі өте кемелденген, жан – жақты адам болуы;

2)    психологиялық тұрғыдан алғанды өте сыпайы, бала жанына жара түсірмей, оған тек мейрімділікпен, жүрек жылуымен ғана оқушыны жеке тұлға деп қарайтын мәдениеті аса дамыған адам болуы;

3)    ата – аналармен болсын, оқушылармен болсын, өз әріптестерімен болсын – қарым – қатынаста рухани білім  өте жоғары дамыған болуы.

4)    мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде әр түрлі деңгейдегі әдістемелік

іс – әрекеттері, ойын түрлері жүйелі және шебер қолдана білуі.

Осы төрт қасиетті бойына дарытқан адам ғана мектепте мұғалім болып істесе, өз миссиясын дұрыс орындап жүрген адам деп есептеуге болар еді.

Мектептік физика курсы білім алушыларға физика (және астрономия) саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытуды, олардың бүгінгі қоғам өмірі мен жалпы адамзат дамуындағы физиканың рөлі туралы түсінігін, табиғатқа ғылыми көзқарасын адамның дүниеге көзқарасына алғышарт болатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, білімін түрлі мәселелерді шешуге шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды қолдайды. Мектептегі физикалық білім мазмұнының даму болашағы физика ғылымының ғарыштық құбылыстар саласындағы, Жер қойнауындағы және планеталардағы құбылыстар (астрофизика), тірі әлем құбылыстарының кейбір ерекшеліктері және тірі объектілер (биофизика, молекулалық биология), ақпараттық жүйелер (ЭЕМ негізі реіндегі жартылай өткізгіштік, лазерлік және криогенді техника) жайындағы зерттеу объектілерінің едәуір кеңеюімен байланысты.

Физика қазіргі техниканың теориялық негізіне әрі оның ажырамайтын құрамдас бөлігіне айналады. Ядролық және термоядролық энергетика, байланыс (лазерлік, талшықтық оптика), қасиеттері алдын ала берілген материалдар жасау және т.б. жылдам қарқынмен дамуда. Олардың көпшілігі жоғары сыныптардың физика курстарында көрініс тапқан. Сонымен бірге бұл мәселелерді неғұрлым толығырақ және неғұрлым ертерек оқыту проблемасы да бар. Мектепте білім беру приоритетінің өзгеруі физиканы оқытудың мынадай жалпылама мақсаттарын ажыратуды меңзейді:

–         даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

–         оқушыларға жеке және әлеумтеттік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін, физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай – ақ  іс – әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды – құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.

Бұл мақсаттарға жету мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

–         білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу – эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми – таным қажетті дағдыларын қалыптастыру;

–         оқушылардың санасында табиғат пен оны білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;

–         оқушылрадың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту, оларды шығармашылық іс – әрекетке тарату;

–         оқушыларға планеталық масштабтағы процестерге өзіндік қатынасы бар екенін сезіндіру және олардың өз іс – әрекетінің экологиялылығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру.

–         Оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.

Жоғары сыныптарда физиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курсатры болуы мүмкін: «Компьютер көмегімен физикалық есептерді шығару», «Физика және техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерде моделдеудің компьютерлік технологиясы», «Физика, астрономи, ғарыштану салаларындағы жаңалықтардың ашылу тарихы», «Физикадан күрделі есептерді шығару тәсілдері», «Физикадан экспериметтік есептерді шығару» және т.б.

Мен өз тәжірибемде жоғарыда айтылған педагокикалық технологиялардың ішінен қолданып жүргендерім – Шаталовтың оқу материалын сызба, тірек – конспектілер арқылы беруі және М.Жанпейісованың модульдік технологиясы және де проблемалық оқыту. Тірек – конспектілердің тиімді жақтары – оқушының мынадай мәселеге көңіл аударуын қажет етеді.

1. Тірек – конспектіні мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу.

2. Тірек – конспектінде берілген материалды жадында жақсы сақтап, меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу.

3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына.

Тірек – конспектіні пайдалану мұғалімнің уақытын үнемдейді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысында оқушының көз алдында тұрады, есте сақтау қабілетін арттырады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Модульдік технологияға келсек, мұндай білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтер: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік лекция түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы – оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді.

Модульдік технология әрбір оқушыны белсенді оқушыға айналдырады, білім сапасының көп жақсаруына жеткізеді. Біраз әрбір модульдік дайындау алдында мұғалімнің де өте көп ізденуін, өте ауқымды материал құрастыруды, әр деңгейге есептер ойластыру, әр ойынға сұрақтар ойлап табу, ол сұрақ, тапсырма, еспетердің жауабын дайындап жазып қоюды да талап етеді. Модульдік технология оқушы мен мұғалімнің екеуінің біріге отырып әрекет етуіне негізделген технология болып табылады.

Қазіргі заман талабы: әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қоймайды, соны өзі игеріп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болуын қалайды. Сондай оқыту әдістерінің  бірі – проблемалық оқыту әдісі. Проблемалап оқыту дегеніміз мұғалімнің басшылығымен келелі жағдайлар туғызу және оны шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылығын, кәсіптік білімін, дағдысын іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіруді туғызу дейді.Сондықтан әр сабақта балалардың өздеріне мақсат қойғызу арқылы проблема туғызып, оны шешу үшін өздігінен білім алуға арналған тапсырмаларды жүйелі түрде беруге тырысамын. «Жарық» тақырыбын өткен кезде мынадай проблемалық сұрақ қоямын: Жарық бөлшек пе әлде толқын ба? Осы проблеманы шешу үшін оқушылар бөлшектердің және толқындардың қасиеттерін толық біліп, өздері дұрыс тұжырым шығарады. Әрі қарай осы тақырыпты аша келе мынадай проблема тууы мүмкін: Корпускулалық – тоқындық дуализм фотонға ғана қатысты ма? Осы сұраққа жауап іздеп, оқушылар көп мәлімет алып, мұғалімнің қатысуымен тағы басқа проблемалық сұрақтарды шешуге мәжбүр болады. Электрон, протон және тағы басқа элементар бөлшектерде толқындық қасиеттер бола ма? Сөйтіп Де – Бройиль толқындары толқын ұзындығын есептеу формуласын оқушылармен бірге қорытып шығарамыз.

Еліміздің қоғамдық өмірінің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептегі осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.

Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатында келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //«Егемен Қазақстан» , 14 желтоқсан, 2010.
  2. «Ғылым туралы» Заң. // «Егемен Қазақстан» , 25 ақпан, 2011.
  3. Модульдік технология /М.Жанпейісова
  4. Физикадан тірек сызбалары Шаталов

Түйін

Баяндамада 12 жылдық білім беру жағдайында физика пәнінен білім сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін ең тиімді инновациялық технологияны таңдалып, ерекшелігі көрсетілген оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары ашылған.

Баяндаманың аудио, видео, презентациялық көрнекліктерін көшіріп алыңыз.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.