Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау (колледж).

Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі ІІ санатты информатика пәнінің оқытушысы Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна

Ашық сабақтың  әдістемелік жоспары
Астана 2013
Сабақтың құрылымдық-логикалық сызбасы
>Ұйымдастыру кезеңі /1-2 мин/
Өткен тақырыпты тексеру /7 мин/
Жаңа сабақ / 25 мин/

Өзіндік жұмыс /26- мин/
Сабақты қорытындылау /15 мин/
Үйге тапсырма  /3 мин/
Студенттерді бағалау /2 мин/
Негізгі әдебиеттер:       Жаңа ақпараттық технологиялар  информатикадан 30 сабақ оқулығы
Қосымша әдебиеттер:  Тақырыпқа байланысты электрондық  оқулық,  Оффистік  бағдарламалардың тәжірибелік жұмыстар жинағы

Пән аты: Информатика және есептеу техникасы негіздері

Сабақтың тақырыбы:  Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді, терезе элементерін қолдану тәсілін меңгерту,  құжатты форматтау үлгілерін сабақ барысында  қолдануға дағдыландыру

Міндеттер:

ü  Студенттердің алған  білімдерін  іс жүзінде  ұштастыруға, логикалық ойлау  қабілеттерін,  ойын технологияларын арқылы дамыту,  компьютерлік  сауаттылықтарын арттыру.

ü  Өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға,  іскерлікке, ұқыптылық  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тәжірибелік  жұмыс

Көрнекі – құралдар: компьютер, проектор, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:  сызу, музыка, қазақ тілі, ағылшын

Көрнекі құралдар: проектор, компьютер, слайдтар,электронды оқулық

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. 1.      Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен  амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау

  1. 2.      Үй тасырмасын тексеру: Microsoft Word бағдарламасы  бойынша  үй- тапсырмасын  «Алтын қақпа» ойыны  және сөзжұмбақ шешу  арқылы тексеремін

Жұмыс түрі: №І жұмыс  «Алтын қақпа» ойынының шарты. Әр қақпада 5 сұрақтан беріледі.

«Тас қақпаның» сұрақтары

  1. MS Word Кестесінің соңғы ұяшығына қатар қосу үшін қолданылатын перне:Tab
  2. MS Word. Мәтінің оң, сол жақ шекарасын және абзацын бірінші жол шегінісін көрсету үшін… қолданылады. Сызғыш
  3. Word кұжатында кестені жою үшін не істеу керек? Кестені белгілеп, Backspace пернесін басу.
  4. Word редакторында буферден деректерді ағымдағы құжатқа кірістіру пернелер комбинациясы;  Shift+Ins
  5. Word редакторында <Стильдер және пішімдеу> командасы орналасқан мәзір атауы:Пішім (Формат)

«Күміс қақпаның»  сұрағы

  1. Word редакторында <Тізім> сұхбаттық терезесінде өзгертуге болмайды:тізім элементтерінің мазмұнын
    1. Word редакторында деректерді буферге қиып алу пернелер комбинациясы: Shift+Del;
    2. Word редакторында саймандар панелінің санын анықтайтын команда: Түр
    3. MS WORD Кестеде алфавит бойынша тізімді сорттау:Таблица – Сортировка
    4. Word мәтіндік редакторінің қандай командаларының көмегімен құралдар тақтасына қажет пернелерді шығаруға болады? Сервис – Настройка – вкладка Команды

 «Алтын  қақпа» сұрағы:     

  1. Word  редакторында ерекшеленген мәтін фрагментін баспаға шығару жолы: Файл – Баспа – Ерекшеленген фрагмент
    1. Word редакторында терілген мәтін қандай кеңейтілумен (типпен) жазылады?  .DОС
    2. Word Шрифт өлшемі қалай өзгереді? 1 – ден 1638 – ге дейін
    3. Word, Excel, Access, PowerPoint бағдарламалары басты менюдің қандай категориясында орналасқан …Бағдарламалар (Программы) .
    4. Microsoft Word бағдарламасында формула редакторының атауы: Microsoft Equation

№ІІ жұмыс.  Сөз жұмбақ шешу

  1. Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?
  3.  Ағылшын тіліде сөз не деп аталады?
  4.  Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
  6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?
  7. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

 Студенттерге қойылатын мақсат:

  • Әр  түрлі  типті  кұжаттар құрып  үйрену;
  • Құжаттарды  өндеу  және  безендірудің  негізгі  әдістерін  меңгеру

3. Жаңа сабақ 

Жоспар:

      Құжаттарды құру және теру;

Кесте құру;

Құжаттарды безендіру

Нығайту:  Мәтіндік процессорды бірнеше жолмен қосуға болады:

 Негізгі менбден Жіберу =>Программалар => Microsoft  Office => Microsoft  word  командаларын орындау арқылы;

  1. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:

  1. Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;
  2. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
  3. Microsoft  word прогрпммасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.
  4. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз

Microsoft  word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады.
Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін: 
1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз
2.Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз
3.Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз.
4.Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
5.Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз.
6.Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз.

                                              Суретті кірістіру үшін:

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.