MS Word мәтіндік редакторы (колледж).

Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі ІІ санатты информатика пәнінің оқытушысы Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна

Сабақтың түрі:  Тәжірибелік
Сабақтың мақсаты:
1)  Оқушыларға MS Word   бағдарламасын шақыруды және одан шығуды үйрету.
2)  Оқушыны ұқыптылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін оята отырып, өз елінің  мәдениетін сыйлауға, қадір тұтып, құрметтеуге баулу.
3)  Электрондық-ақпараттық  құралдар арқылы  жұмыстың нәтижесіне жету қабілеттерін қалыптастыру.

Пән аралық байланыс: Ағылшын пәні, музыка
Көрнекі құралдар: Үлестірме карточкалар, дәріс, MS Word  бағдарламасына арналған электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин. Сәлемдесу;
– оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;                                                                                                           – оқушы зейінін сабаққа аудару.                          
Сабақтың құрылымдық-логикалық сызбасы

ІІ  Өткен  тақырыпты тексеру.
Мақсаты: үй тапсырмасын пысықтауға арналған  тест тапсырмасы арқылы білімді бекіту.
Шарты: MS Офистік бағдарламасы (сабақты тест тапсырмалары арқылы тексеру).               

 Бөлінген уақыты  –  10-12 мин.

1-10  тестке жауаптанса – 3,
11-18  тестке жауаптанса – 4,
19-25 тестке жауаптанса – 5.

ІІІ. Жаңа сабақ

MS Word  мәтіндік редакторы

Жоспар:

1. MS Word  мәтіндік редакторын  іске қосу;
2. Word терезесіне шолу;
3. Құжаттарды әзірлеу тәсілдері;
4.Мәтінді енгізу ережелері

MS Word  – мәтіндерді, енгізуге, түзетуге , пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарламада  мәтіндік құжаттарға суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және де басқа да   көптеген амалдарды  орындауға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАНЫ  ІСКЕ  ҚОСУ

Бастау                            Бағдарламалар                        Microsoft Office                   MS Word         

Word редакторының  келесі  терезе    элементтерімен  танысу;

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары  /барлық мамандық студенттеріне арналған/

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.