«Тапқыр информатиктер» сайысы

Кенжегалиева Марал Сағындыққызы Талдыапан орта жалпы білім беретін мектебі Казталов ауданы, Талдыапан ауылы

Мақсаты:

Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Тапқыр информатиктер» атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Жүргізуші:
Әділ халқым бересің әділ баға,
Өнері мен өренін салыстырып.
Төре ағасы, төбе билер, жюрилер,
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып бүгінгі кештің әділ-қазыларымен таныстырамыз.

1. Шукурова Қ.О.
2. Урынгалиева А.С.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар!
Компьютер – сенің көмекшің,
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демесең,
Аздаған болса хабардың
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың! –дей отырып, ойын шарттарымен танысайық.
«Тапқыр информатиктер» сайысына 7 сыныптың 2 командасы қатысады.

Ойын шарттарын таныстырып өтейік:
1. Командалардың таныстырылуы.
2. «Құпия сандық»
3. «Кім жүйрік»
4. Қайсысы артық
5. «Ия немесе жоқ»
6. Сөзжұмбақтар шешу
7. «Жұмбақтар» сайысы.

1. Командалардың таныстырылуы. Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың аты, эмблемасы, сәлемдемесі.
2. «Құпия сандық» сайысы. Мұнда оқушыларға компьютердің құрылғысы бейнеленген суретті суырып алады. Таңдап алынған құрылғының атқаратын қызметін және жұмыс процесінде алатын орнын айтып беруі қажет.
3. «Кім жүйрік» сайысы. Бұл турда әр комнада сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда екінші топ жауап беруге болады

1 – топ сұрақтары:
1. Баспаға шығару құрылғысы (принтер)
2. Калькулятордың неше түрі бар (2) (қарапайым, инженерлік)
3. Вирусқа қарсы программа (антивирус)
4. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? (компьютер)

2-топ сұрақтары:
1. Paint қандай программа? (сурет салатын программа)
2. WordPad қандай программа? (жазуға арналған программа)
3. Өшірілген файлдар қайда орналасады? (корзина, себет)
4. Пернелерден тұратын құрылғы қалай аталады? (пернетақта)
5. Ақпараттық үрдістердің неше түрі бар? (ақпаратты сақтау, ақпаратты жіберу, ақпаратты түрлендіру)

4. « Қайсысы артық» сайысы. Берілген 4 сөздің ішінен артық сөздерді алып тастағанда қалған сөздің орысша, ағылшынша аудармасын табу керек.

1. ьпмкоюрте, қауыт, типрнер, —- уақыт,время, time

2. аіткп, тдеәпр, мұжыс—- жұмыс, работа, work

3. ьпмкоюрте, типрнер, ретезе—– терезе, окно, window

4. ьпмкоюрте, типрнер тiкап —– кiтап, книга, book

5. аіткп, тдеәпр,  йү ——– үй,  дом,  house

6.нтпераеқта, шқаытн, тағас —— сағат,  часы,  clook

5. «Ия немесе жоқ» атты капитандар сайысы.

1-топ капитанына сұрақ:
1. INFORMATION сөзі латын тілінен аударғанда мәлімет, баяндау дегенді білдіреді ме? (ия)
2. Paint сурет салушы программа ма? (ия)
3. Компьютерден 10-20 см алшақ отыруын керек пе? (жоқ)
4. Пернетақта қағазды басып шығатын құрылғы ма? (жоқ)
5. Информатика ғылымы ақпараттық процестерді зерттей ме? (ия)
6. Сенің командаң осы жарыстан жеңіп шыға ма?

2-топ капитанына сұрақ:
1. Компьютерді қосу үшін Power батырмасын басамыз ба? (ия)
2. WordPad жазуға арналған программа ма? (ия)
3. Компьютерден 60-70 см алшақ отыруын керек пе? (ия)
4. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал математика ма? (жоқ)
5. Менің компьютерім, менің құжаттарым корзинада орналасады ма? (жоқ)
6. Сенің командаң осы жарыстан жеңіп шыға ма?
6.«Сөз жұмбақтар шешу» сайысы. Әр командаға 1 сөзжұмбақ беріледі.

1-топқа:
1. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (информатика)
2. Принтердің атқаратын қызметі? (баспа)
3. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? (дисплей)
4. Файлдың аты сақталатын орын қалай аталады? (каталог)

И Н Ф О Р М А Т И К А
Б А С П А
Д И С П Л Е Й
К А Т А Л О Г

2-топқа:
1. Ақпараттың өлшем бірлігі? (байт)
2. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Клавиатура)
3. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? (монитор)
4. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы қалай аталады? (компьютер)

Б А Й Т
К Л А В И А Т У Р А
М О Н И Т О Р
К О М П Ь Ю Т Е Р

1. «Жұмбақтар» сайысы. Командаларға 6 жұмбақ оқытылады. Ұпай саны қанша жұмбақты шешкенге байланысты қойылады.
1. Экрнанның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (Меңзер-курсор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі, пробел)
3. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (басып шығарғыш, принтер)
4. Бұтақ орнына мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус)
5. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (компьютер)
6. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың (тышқан).

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа!
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске!
Сонымен, сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін әділқазыларға сөз кезегін береміз. «Тапқыр информатиктерді» анықтайтын кез келді.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне әділқазылар баға беріп, жеңімпаз команда анықталып, сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.