И-8. Мәтіндік құжатты редакциялау, форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Ms Word редакторында құжатты форматтау, редакциялау тақырыбы бойынша оқушыларға толық  түсінік беру. Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау,  жоларалық интервал сияқты мәтіндік   құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету және мәтінді редакциялауды үйрету.

Тәрбиелік:   Оқушыларды іскерлікке,шапшаңдыққа, жүйелікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ms Word редакторында мәтін жазу,  пішімдеу әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер, MyTestStudent тесттілеу бағдарламасы.

Сабақтың жоспары:

  1.                                                                                                       I.            Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
  2.                                                                                                     II.            Ой қозғау (2 мин)
  3.                                                                                                  III.            Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
  4.                                                                                                  IV.            Жаңа сабақ (11 мин)
  5.                                                                                                    V.            Бекіту (18 мин)
  6.                                                                                                  VI.            Үйге тапсырма (1 мин)
  7.                                                                                               VII.            Бағалау (1 мин)
  8.                                                                                             VIII.            Қорытындылау (1 мин)

Сабақтың барысы:

І. Оқушылармен амандасу, түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа бөлу (флипчарт4).

ІІ. Ой қозғау, оқушыларға жұмбақтар жасырамын. (флипчарт1)

  1. Қағаз бетінен алады,  Бірден компьютерге салады. (сканер)
  2. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. (принтер)

  1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор)

  1. Өзі темір, жаны жоқ.

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (процессор)

ІІІ.  Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеремін

(флипчарт 6-15).

IV. Жаңа сабақ (флипчарт 16-21).

V. Бекіту: 1. Практикалық жұмыс.

Тапсырма №1:

1.        Мәтінді теріп өзгерістер енгізіндер:

  1. бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз және сөйлемге қаріп Times New Roman  14 параметірлерін орнат ;
  2. екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайиып жаз және сөйлемге қаріп Arial  20 параметірлерін орнат ;
  3. үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз және сөйлемге қаріп Cambria 10;

4.      мәтінді төрт рет көшіріңіз. Туралау әрекеттерін орында (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша);

  1. жол аралық интервалын 2,0см. етіп орында;
  2. бірінші сөйлемнің түсін қызылға өзгертіңіз;
  3. екінші сөйлемнің түсін сарыға өзгертіңіз;
  4. үшінші сөйлемді жасылға өзгертіңіз;

Жаңылтпаш  –  қазақ  ауыз  әдебиетінің  шағын  жанры.  Жаңылтпаш  ойын-сауыққа  жиналған  жұртты  күлдіру,  жас  ұрпақтың  тілін  ұстартып,  әр  түрлі  сөзді  шапшаң  айтуға  үйрету  мақсатымен  пайда  болған.  Жаңылтпаштың  сөздері  адамды  жаңылдыратындай  қиын,  көбінесе,  ұяң  және  қатаң  дауыссыз  дыбыстардан  құралады,  қара  сөз  немесе  өлең  түрінде  келеді.

Тапсырма №2:

1.      Берілген мәтінді теріп жаз және оны алты рет көшір;

2.      Мәтінге маркер орнат, үш түрлі маркерді қолдан ;

3.      Мәтінді нөмірле, үш түрлі нөмірлеуді қолдан;

Алтын  емле  белбеу – алтын шапқан,  әшекейленген  белбеу.

Берен  белбеу – қымбат  металдан  жасалған  белбеу.

Гауһар  кәмәр – гауһармен  сәнденген  белбеу

Зер  белбеу – алтынмен әшекейленген  белбеу.

Қамар  белбеу – зерлі,  әшекейлі  белбеу.

  1. 2.      Тесттілеу жұмысы MyTestStudent тесттілеу бағдарламасы арқылы оқушылардың білімін тексеремін. Тест 15 сұрақтан тұрады.

VІ. Үйге тапсырма § 7.3-7.4

VІ. Бағалау.

VІ. Қорытындылау.  Оқушылар бүгінгі сабағымызда мәтіндік құжатты редакциялау мен форматтауды үйрендік. MS Word бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып әдемілеп мәтінді теруді, форматтауды, редакциялауды үйрендік.  Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сабақ бойынша қоятын сұрақтарын, түсінбеген жерлеріміз бар ма?

 Сабақтың көрнекілігін (flp) көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.