И-8. Логиканың негізгі түсініктері. Формалды, математикалық логика

Орал қаласы. Серебряков жалпы орта білім беретін мектебі информатика пәні мұғалімі Сралиева Айнур

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Логиканың негізгі түсініктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Оқушылардың  ой-өрісін дамыту
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдыққа баулу
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:  Биоақпараттандыру және синергетика технологиясы  «Ауызша сабақ 1 картасы»
Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар, презентация.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, MyTestXPro тесттілеу бағдарламасы.

Сабақтың барысы:

 I.            Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин)
II.           Оқушылардың субъектті тәжірибесін өзектендіру (8 мин)
III.         Қабылдауды ұйымдастыру (5 мин +1мин+1 мин).
IV.          Ұғынуды ұйымдастыру  (5 мин)
V.            Түсінудің біріншілік тексеруі (3 мин)
VI.          Біріншілік бекітуді ұйымдастыру (10 мин)
VII.        Талдау (5 мин)
VIII.       Бағалау, үйге тапсырма (2 мин)
IX.          Түйсіну (2 мин)

I.            Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру (Флипчарт).
II.          Оқушылардың субъектті тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексереміз (Флипчарттар).
III.        Қабылдауды ұйымдастыру. Тақтаға оқытылатын тақырып бойынша тірек  сөздерді жазып қояды. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді, кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Дәптерлеріне жазып, бір бірімен дәптерлерімен алмасу керек, тексеру керек. Көп сөз жазған оқушыға «+» қойылады  (Флипчарт).
IV.         Ұғынуды ұйымдастыру . Оқушылар өз бетімен § 3.1 тақырыпты оқиды.
V.           Түсінудің біріншілік тексеруі. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады (Флипчарт).
VI.         Біріншілік бекітуді ұйымдастыру, оқушыларға сұрақтар беріледі (Флипчарттар).
VII.       Талдау. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Оқушылар дәптерлерімен алмасып тексереді неше сөз жазғандарын.
VIII.     Бағалау, үйге тапсырма беру. (4- 5 белгі – 5 ұпай. – 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай). Үйге тапсырма § 3.1

Түйсіну.  Оқушыларға стикерлер беріледі сабақ туралы өз ойларын жазады Не ұнады, не ұнамады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімекн бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.