И-7. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

 Утуалиева Айжан Нұрланқызы. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Семеновка ауылы №11 негізгі мектебі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей  жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Жабдықталуы: есептеуіш техникалары, WordPad мәтіндік редакторы, Paint графикалық редакторы.
Көрнекілігі: карточкалар, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың құрылымы:

  1. 1.     Ұйымдастыру (2 мин)
  2. 2.     Үй жұмысын тексеру (5 мин)
  3. 3.     Жаңа тақырып (10 мин)
  4. 4.     Сабақты бекіту (20 мин)
  5. 5.     Қорытынды (5 мин)
  6. 6.     Бағалау (2 мин)
  7. 7.     Үйге тапсырма (1 мин)

Сабақтың барысы:

  1. 1.                Ұйымдастыру: амандасу, сыныптың гигиеналық дайындығын тексеру, оқушыларды түгелдеу.
  2. 2.                Үй жұмысын тексеру: жұмбақ арқылы тексеру.

Жұмбақ сұрақтары:

  1. Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан … (компьютер)

  1. Батырмасын басасын,

Қажетті файлды ашасың … (тышқан)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді … (принтер)

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын … (тышқан)

3.                Жаңа сабақ: WordPad мәтіндік редакторын ашып, көрсетіп түсіндіру

4.                Сабақты бекіту: практикалық жұмыс, тапсырмаларды орындау.

 ТАПСЫРМАЛАР:

  1. 1.     Берілген мәтінді тер.
  2. 2.     Мәтінді 14 өлшемімен тер де, тақырыптың атын жолдың ортасына турала.
  3. 3.     Мәтінді қандай түрде көріп отырсан, сондай түрде тер.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.