Дүниетану. Халықтар достығы

Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицеінің бастауыш сынып мұғалімдері Момбекова Айкен, Қожагельдиева. П. М.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы мен принциптерін білу. Көп ұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой бөлісу. Танымдық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде өмір сүре білуге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық. Интерактивтік тақта, тест, тапсырмалары.
Сабақтың түрі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену, бес жол өлең, топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотоия әдісі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық.

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.
Біз Отанның гүліміз,
Біз Отанның күніміз.
Ертеңгі күн біздермен
Көркейеді өседі.
Білімді ұрпақ болуға
Ант етеміз біздерде.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың білімдерін мына сұрақтар арқылы тексеріп, бекіту:

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.

  1. Қазақстан Республикасының туының авторы.
  2. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары.
  3. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары.
  4. Қазақстанды неліктен «Отан» «Отан – ана» дейміз.
  5. Қазақстанның табиғаты.
  6. Қазақстандағы тарихи ескерткіштер.

– Қазақстан Республикасының туының авторы – Шәкен Ниязбеков

–  Елтаңба авторлары-суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
–          Әнұранның авторлары-: Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әуені: Шәмші Қалдаяқов

– Менің Отаным, туған жерім – Қазақстан. Отбасы мүшелері, достарым да Қазақстанда туып, өскен. Ата-бабамыз ежелден осы жерде өмір сүрген.
– Қазақстан – өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, орман да, көл де, шөлді аймақта бар.
– Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Медеу мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт,жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет екен.

Ынтымақ бар жерде бақыт бар демекші. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Халықтар достығы.

Ал балалар, олай болса сыртқа, алысқа бармайық. Өзіміздің алтын ұя мектебімізде қанша ұлт балалары білім алып жатыр. Өзге ұлт өкілдерінен дәріс беріп жатқан ұстаздарымызда жоқ емес.

Біздің сынып оқушыларының қызығушылығы нәтижесінде өзге ұлт ұстаздарының Қазақстанның қаншалықты ыстық екенін болмаса несімен ұнайтынын білу мақсатымен сыныбымыздың старостасы Бөрібаева Әсем сыр тартып сұхбаттасқан еді.

Жақсы олай болса серігу сәті.

Келесі мынау біздің Қазақстанның картасы. Оқушы шығып көрсетеді. Бізбен көрші жатқан мемлекеттер.

Еңдеше әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратыны бізге мәлім. Яғни, ұлттық музыкасы да, болады екен. Өзге ұлт өкілдерінің әуенін тап деп, осы ұлттардың әуеніне де көңіл бөліп тауып көрейік.

Жарайсыңдар келесі тест сұрақты оқып, дұрыс жауапты айтамыз.

Ой жинақтау.

Шығармашылық тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.
Мәне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.

Ой қиялымызды шыңдауда
Осы өзін-өзі тану сабағындағы «Достық» туралы бес жол өлең құрастыру болған.

  1. Анеля
  2. Жасұлан
  3. Ақберген

Поэзия минуты

Достық туралы өлең оқу

  1. Айдана
  2. Лунара
  3. Сұлтанмахмуд
  4. Адам

Рефлекция бөлімі
Яғни бұл бөлімде мына шаңырақта «Мақал-мәтел» айтысы. Жалғасын табу арқылы шаңырақ астына әр ұлт өкілін қою.

Үйге тапсырма: Күнделік толтыру
І. Мәтінді түсіндіріп оқу
ІІ. 16-беттегі ұлттық киімдердің біреуінің суретін салу немесе қыз балалар өз қуыршақтарына  осы киімнің біреуін дайындау.  Қорытынды.

Достығы жарасқан
Халықпыз көп ұлтты.
Сыйласып, сырласқан
Сыныппыз тәртіпті.
Сабаққа қатысқан
Сіздерге ұстаздар
Көп-көп рахмет демекпіз.

Бағалау.

Сабақтың толық нұсқасын (сж, видео, презентация, дауыстар, т.б) көшіріп алыңыз.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.