Кәсіптік шет тілін оқытуда жобалау технологиясын қолдану.

ШҚО, Семей қаласы «Семей» медицина колледжі Ағылшын тілі пәні оқытушысы Ахметов Ершат Махметович

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын ғана меңгерген адамзаттар емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған. Бұл мәселе мұғалімге үлкен жауапкершілікті жүктейді.        Жаңашылдықпен жұмыс істеу, оқыту ізгілендіру нәтижесінде мұғалім төмендегідей жетістіктерге жете алады:

–          Жан-жақты дамыған заман талабына сай адам тәрбиелеп шығару;
–          Оқыту, білім берудегі білім сапасын көтеруге қол жеткізу;
–          Оқушының дүниетанымдық қасиетін қалыптастыру;
–          Баланың кез келген жастағы адамдармен еркін тіл табысып, қарым-қатынас жасай алу қабілетін дамыту.

2002 жылдың қыркүйек айында қабылданған «Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» көрсетілген: Шет тілі оқу пәнін оқытудың басты мақсаттары- оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік, дағдылар қажет.

Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз кәсіптік шет тілін оқытуда жобалау технологиясын  қолдана отырып білім сапасы жоғарлату жөнінде болса, оны арттырудың тиімді жолы – оқытуда жаңаша инновацияларды қолдану аясын кеңейту.

Кез-келген  білім беру технологиялары мынадай әрекеттерден тұрады:
–          Мақсатты  бағыталған;
–          Сүйенетін ғылыми идеяларының болуы;
–          Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйелілігі;
–          Нәтижелі бағалау өлшемдері;
–          Нәтижелері;
–          Қолдану барысындағы шектеулер.

Жеке тұлғаға бағытталған технологияларды 3 топқа бөлуге болады:
–          Дәстүрлі мектеп технологиясы – білім,білік,дағдыға бағытталған.
–          Дамыту мектебі технологиясы –құзыреттілікке бағытталған.
–          Әлеуметтік мектеп технологиясы – әлеуметтік технологиялар.

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде аталмыш жаңашыл технологиялар жиі қолданылып, ұстаздар тобы өз кезегінде нәтижесіне куә болуда.Олар:

-В.Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы;
-П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
-В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
-Ш.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
-Л.Заньков пен Д.Эльконин,В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
-В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;
-М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;
-Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
-Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы. және т.б

Мұғалім ұстаздық жолында үнемі ізденісте болады,оған бір ғана әдіс-тәсілді қолданып, жалаң көзқараста болуға болмайды. Сол себептен де  пән мұғалімі ретінде  оқытуда  жобалау,ақпараттық,ойын, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі, проблемалық оқыту, коммуникативті байланыс, жекелеп оқыту,топтық оқыту, технологиялардың эелементтерін  пайдалана отырып, сабағымды ақпараттық, танымдық, топтық кіріктірілген, аралас, бекіту, сайыс, ойын, қайталау патриоттық, шығармашылыққа баулу сабақ  т.б. түрінде оздырамын.

        Жобалау әдісі – ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі боп саналады. Мұнда оқушылар жеке немесе топпен бірлесіп белгілі бір бағытта  әрекет етеді,ізденіс жүргізеді,ол еңбектенуді үйренеді,өз пікірін дәлелдей алады,білімін,күшін сынайды. Оқытушының мақсаты – тақырыпты шығармашылық түрде меңгерту, логикалық ойлауын жетілдіру. Әр жоба ауызша бір тақырыпқа байланысты болады. Мұнда оқушы тек 1 ғана пәннен алған білімін ғана емес басқа пәндерден алған білімін де көрсете алады. Және де топ мүшелерінің дайындық деңгейі бірдей болуы шарт.  Жобалық тапсырмаларды мен «Ағылшын елінің мейрамдары», «Ұлыбританияны басқару жүйесі», «АҚШ-тың  билік жүйесі» тақырыптарын өткен кезде- қорытынды сабақта ұсындым және  топтық  жұмыс арқылы атқарылды.

Сонымен бірге осы курста  қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру әдісін жиі қолданамын.

Мысалы:  «Ұлыбританияның Денсаулық Сақтау орталығы».

І тапсырма. (Ассоциациялық жағдай тудыру). ІІІ топ «Денсаулық» тақырыбына қатысты сөздер айтады. ІІ топ  осы сөздерден сөз тіркестерін жасайды. І топ сөйлем құрайды.

ІІ тапсырма мәтінмен жұмыс. ІІІ топ мәтінді оқиды. ІІ топ аударады. І топ сұраққа жауап береді.

ІІІ тапсырма. Префикстердің қолданылуы. (Грамматика)

ІІ топ префикстен жасалған сөзді мәтіннен тауып береді.ІІ топ аударма жасайды. І топ  сол сөздерге сұрақ қояды.

Демеуліктерді қайталау сабағында «Фигуралар» ойыны оң нәтижесін берді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі. Біреуінде  геометриялық фигуралардан жасалған әріптер бар. Екіншісінде  тек ғана фигуралар берілген. Алғашқы топ демеуліктерді пайдаланып, өзінде көрсетілген әріпті қалай құру керектігін айтады.

Бастауыш сатыда ағылшын тілін үйретуде оқушылардың дыбыстарды анық  дыбыстап,сөздерді,сөйлемді дұрыс айта білуіне көңіл бөлемін.            Сонымен бірге қорытынды сабақтарда  оқушылар үшін  «Кілем» әдісі  қызықты боп келеді. Тақтада  төртке бөлінген кілем бейнесі.Ол зерленбеген. Оқушылар 4 топқа бөлінеді,сұраққа жауап берген топ өз бөлігін оюлармен зерделейді. Соңында қай  оюларының көптігі негізінде орындары белгіленеді. Бұл  әрі оқушыларды  еңбекке бағыттау  әдісі боп табылады, әрі ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелейді.

Индивидтің өз қабылдау деңгейін анықтап білуге ықпал ете отырып, әр оқушының қаншалықты игергендігін бақылау мақсатында кейде сабақ соңында өз игерген білімдерін бағдаршам арқылы бағалауын сұраймын. Кейде сабақтың өту дәрежесін де бағалап отырады.

Осы орайда А.Дистервергтің «Сен маған шәкіртіңді көрсет, мен сені танимын» деген сөзі оралады. Ендеше өз қырларыңды одан көре алатын шәкірт тәрбиелейік демекпін. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі. Ендеше осы бағытта игілікті істерге қол жеткізейік.

Check Also

Электрондық оқулықтардың үлгілерін көшіріп алыңыз

Сілтемені көшіріп алып адрес жолына қойып Enter-ді басыңыз, ары қарай скачать. Ана тілі 1-сынып   …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.