Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі

Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы «22» қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілген  http://www.edu.gov.kz/

1. Жалпы ережелер

1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже)                 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің             233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білім, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:

1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;

2) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту.

3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;

3) біліктілік тестілеу – біліктілік санатты арттыру және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерді аттестаттау кезеңдерінің бірі;

4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.

4. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті,  ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.

5.  Аттестаттау  5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

6. Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.

Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау

***

Педагог қызметкерлерді аттестаттау

ережесіне  1-қосымша    Нысан

________________________________________________________________

(аттестаттау комиссиясының атауы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20_ жылы __________________________________лауазымы бойынша

біліктілік санатына ______________________________________________ аттестаттауыңызды сұраймын

Қазіргі кезде _________уақытқа дейін жарамды _____санатым бар

Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын______________________________ _________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тестілеуден өтеді:

пән бойынша:___________________________

тілі (қазақ, орыс):________________________

Білімі:

Еңбек өтілі:

 

Алған (берілген) жылын көрсете  отырып  наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, __________________________________________________________

_______________________________________________________________

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым

__________________________________________________________________

20___ж. «_____» ____________________  ______________________________

(Қолы)

Толық нұсқасын көшірпі алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.