Бастауыш. 1-Күз жомарт. 2- Жаңа жыл сценариі.

Омарбекова Сандаугаш. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты: Күз мезгілінің астық,жеміс-жидек,көкөністерді жинау мезгілі екенін,үлкендердің еңбегін құрметтеу,олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілік: жапырақтар, плакат, жеміс-жидектер, көкөністер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз

Тәрбиеші: Жұмбақ жасыру
Жиып-теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың (Күз)

-Күзде балалар,жапырақтар қандай түске боялады?
-Қызыл,сары,жасыл
-Енді «Бағдаршам» ойыны ойнайық
-Балалар қандай түсті орнымызда тапжылмай тұрамыз
-Қызыл түске
-Қане жапырақты көтеріп көрсетейікші
-Қай түске дайындаламыз?
-Сары
-Қане жапырақты көтерейік
-Қай түске жүреміз?
-Жасыл
-Қане жапырақты көтерейік

Ақжол-Алтын,сары,көк,қызыл,
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жалбырап
Қонаққа «Күз падишасы» келеді
Сәлематсыздер ме балалар
Шафика-ал мен сендерге жұмбақ жасырам

А) Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады  (пияз)

Ә) Жаздай інге тығылып
Жатқан сары түлкіні
Әкелді әкем бір күні (сәбіз)

Б) Үстінде тігін көк жатыр
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

Тәрбиеші:
– Күз-жыл мезгілінің ішіндегі ең кереметі
– Қане ортаға күз айларын шақырайық

Бәрі хормен-Қыркүйек,қазан,қараша

Тәрбиеші –Бұл айлар бізде қонақта,олар әр қайсысы
Өз ерекшеліктері жәйлі айтсын
(ортаға күз айлары шығады)

Қыркүйек –Қыркүйек күздің алғашқы айы Қыркүйекте жиын-терін аяқталады.Жұрт қыс қалын ойлайды.Күн салқындап, шық түседі

Қазан-Қазан алғашқы үсік жүретін суық ай.Бұлт қоюланып,жаңбырлы болады.Су беті қабыршақтанады.

Қараша-Қарашада аспан түнеріп,дымқыл тұман түседі.Бұлттар көшеді.Күн қысқарып,шуақты күндер сыйлайды
Тәрбиеші-Ал балалар күз мезгіліне байланысты өлеңдеріміз айтайықшы

Берексін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп көз тартады жалбырап

Тәрбиеші-Балалар Ақжол дұрыс айтады «Көкөніс», «Жеміс жинау» дау ойынын ойнайық.Сендер бізге (маған) жеміс-жидек,көкөністер туралы тақпақтар айтып,оларды бір ыдысқа яғни бір жерге жинайсыңдар

Өрік-өрік өрікті
Өрікті кім теріпті
Балаларға апасы
Бір-бірден беріпті

Қызықтың ба,қиярға
Алда жеи бер ұялма
Көтергенше берейін
Қапшағыңа сияр ма?

Күнде,күнде күндерге
Пісті міне бүлдірген
Татпай тұрып таңдайық
Тәтті екенін кім білген?

Жұлып едім жүзімді
Жүзі бірден үзілді
Жүзімді жеп қойыппын
Өзім әбден тойыппын

Әр ағаштың түбінде
Жатыр алма қамбасы
Баптап күтсең күніне
Береді саған қимасын

Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек серік жарғызды
Сонан соң оны жеді
Жеді де былай деді
-сүйек болмаса еті
Кеткен тәтті деді
Сары алтындай әңгелек
Қандай тәтті дөңгелек
Дәмі аузымнан кетпейді
Балың оған жетпейді
Башада көп әңгелек
Добымыздай дөңгелек

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен

Көрініс «Шалқан» ертегісі
Автор-тәрбиеші
Шал-Ералы
Кемпір-Еркежан
Қыз-Дильяра
Ит-Әмір
Мысық-Мерей
Тышқан-Алмат

Тәрбиеші:Ал балалар бүгін сендер күз туралы көп мағлұмат айтқандарын үшін рахымет.Табиғатты қорғап,үлкендердің еңбегін сыйлаңдар!

Автордың тағ ы бір тәрбие жұмысы: 2- Жаңа жыл сценариін көшіріп алыңыз.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.