Технология. Машина тігістерінің түрлері.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектеп Құсайнова Марьяш Асқарқызы.

Сабақтың  мақсаты :   Машина  тігістері  туралы  түсінік  беру
Білімділік:  Машина  тігістің  түрлерімен  таныстыра  отырып, тігістер  туралы  білімдерін  кеңейтіп , одан  әрі таным деңгейін  арттыру.
Дамытушылық :  Оқушылардың  көру  және  ойлау  қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:  Оқушыларды  ұқыптылыққа , әсемділікке  үйрету. Тігіс түрлерін  тігуге  жаттықтырып, өмірде  қолдана  білуге баулу.
Көрнекіліктер:  кесте, суреттер, сұлба.
ҚЖ:  тігін  машина, мата  қиындысы, қайшы  жіп.
Сабақ түрі:   аралас сабақ.
Сабақтың  әдісі:  баяндау, сұрақ – жауап, ұжымдық, практикалық жұмыс

Сабақ  бырысы .

І.  Ұйымдастыру: 

1. Сәлемдесу.
2.  Оқушыларды  түгендеу.
3.  Дайындықтарын  қадағалау.

ІІ . Үй  тапсырмасын  тексеру : 1.  «Мен  білемін  стратегиясы бойынша  қайталау».
а)  тігін  машинасының  құрылымының  негізгі  бөліктерін атау .
ә)  тігін  машинасы  жетектерінің  түрлерін  ата.
б)  машина  жұмысын  орындауға  дайындық үстінгі, астынғы  жіптерін  сабақтау
в)  тігін  машинасымен  жұмыс  істеу  кезіндегі  қауіпсіздік ережесі.

ІІІ.  Жаңа  сабақ :  1. Оқушылардың  зейінін аудару  үшін сөзжұмбақтар
         шешу :
               а)  Тұмсығы  мықты,
қырмен  ойды  тегістеп  шықты .    ( Үтік )

                ә)   Сөзі  дана  үні  жоқ , сөйлемейді тілі  жоқ,
                      Қолыңа  алсан  шешен , ақылы  асқан  көсем.  ( Кітап )

     2.  Жаңа  сабаққа  мақсат  қою : оқушыларға  тігіс  түрлерін  таныстыра  отырып , оны  өмірде  қолдана  білуге  дағдыландыру . Сұлба  бойынша  машина  тігістерімен  таныстыру .

Машина тігісі

***

Біріктіруші                             Шеттік

***

Бекіту                                         Бүгіп  тігу

 ***

 Айыра  үтіктеп          Жатқыза                    Жабық кесікті 

  бекіту  тігісі            үтіктеу                          бүгіп  тігу

 ***

3.  Машина  тігістеріне  терминологиялық  түсінік  беру :

     а)  тігіс – бұл  екі  немесе  көп  бөлшектің тігіспен  біріккен  орны .

     ә)  Айыра  үтіктеп  бекіту  тігісі – бұйымның  негізгі  бөліктерін, сонымен  қатар  майда  бөліктерін бір – бірімен  біріктіру  үшін  оң  беттерімен ішке  қарай  беттестіреді .

б)   Тігісті  бір  жаққа  қарай  жатқыза  үтіктеп  бекіту  тігісі – белдің , бүрменің  бөліктерін  тігу үшін . Бөліктерді  оң  беттерімен  ішке қарай  беттестіреді .

в)  Жабық  кесікті  бүгіп  тігу – бұл  тігіс  шеткі  тігіске  жатады. Бұйымның  шетін өңдеуде қолданылады. Операция  бастырып тігу  деп  аталады .

4.  Сергіту  сәті :  –  « Бір  сабақ  жіп » ертегісі  бойынша  « Салақтан олақ  жаман » деген  мақалды  дәлелдеу .

5.  Машина  тігістерін  орындауға  қойылатын талаптармен таныстыру:

      а)  машина  жіптерінің және  иненің  номерлері мата  қалындығына  сәйкес  болу  керек .

ә)  тігістікке қалдырылған қосымша  иненің оң  жақтан  қалдырады.

б)  ішкі  машина  тігістері  мата  түсіне  сәйкес  таңдалады .

в)  машина  тігісінің  басы  мен  соңы  бекітіледі .

г)  тігіс  екі  технологиялық  картаның  нұсқауына  сәйкес  болу керек .

ІУ.  Бекіту :   1. Сұрақ – жауап  арқылы  оқушылардың  түсінігін тексеру .

а)  машина тігістерінің  түрлері

ә)  біріктірулі  тігістері  не  үшін  қолданылады ?

б)  шеттік  тігістер  не үшін  пайдаланылады ?

2.   Бекіту  мақсатында  практикалық  жұмыс  орындау .

а)  тігін  машинасымен тігіс  түрлерін орындап  көрсету .

ә)  оқушылардың  өздігінен  тігіс  түрлерін  тігіп  үйрету .

б)  жұмыс  барысында  техника  қауіпсіздік  ережесін  сақталуы қадағалау  және  тігіс  сапасына  назар аудару .

3.  Қорытынды :   « Ізгілендіру » диаграммасы

***

4.  Оқушылардың  жауаптарын , жұмыстарын  бағалау.

5.  Жұмыс  орнын  жинастыру .

У. Үйге :

      а)  98 – 106 бет ( оқу , түсінік  айту)

ә)  дәптерге № 36, 37 , 40  суреттерді  салып , сипаттамасын  жазу

б)  келесі  сабаққа  мата  кесінділерін әкелу (қайшы, жіп).

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.