Д/Ш. Баскетбол ойыны

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектеп, дене шынықтыру пәні мұғалімі Шаншарбеков Мақсат Сатылғанұлы.

Сабақтың тақырыбы:Баскетбол ойынында доп алып жүру себетке лақтыру әдіс-тәсілдерін үйрену
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға допты алып жүру,себетке лақтыру әдіс-тәсілдерін үйрену
2.Алаңдағы қимыл-қозғалысты, дене күшін жылдамдықты,ептілікті дамыту
3.Баскетбол ойынына деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі:үйрену, орындату, ойнату
Өтілу орны: Спорт залда
Қолданылатын құралдар: Баскетбол доптары,ысқырық, уақыт өлшеуіш

Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
l

1

2

3

4

5
6

7

8

ll

1

2

4

lll

Дайындық бөлімі

Оқушыларды сапқа тұрғызу,рапорт қабылдау:Жолдас оқытушы 7 а сынып құрамында 10 оқушы  сапта тұр:баяндап тұрған спорт секторы:Темірбекова Ғалым.Сәлемдесу.Бір орында орындалатын саптық жаттығулар:оңға,солға,айналып артқа бұрылу (4-5 рет)

Жаңа сабақты түсіндіру,міндеттерді хабарлау

Жүре орындалатын жаттығулар:

1.Саппен жүру,аяқтың ұшымен,өкшесімен,табанның сыртқы қырымен жүру жаттығулары

2.Жартылай отырып,толық отырып жүру жаттығулары

3.Отырып секіру жаттығуы

4.Жүгіру және оның түрлері:

1.Жеңіл жүгіріс
2.Оң,сол жақ қырымен,аяқты аяқ ізіне  басып жүгіру
3.Тізені көтеріп жүгіру
4.Екі қол артта,өкшені алақанға тигізе жүгіру
5.бір аяққа секіреді оң,және сол аяқпен
6.Жылдамдықты бірте-бірте қосып жүгіреді

Саппен жүргізу демдерін алдыру

Қолды көтеріп,мұрнымен демді ішке тартамыз,қолды түсіреміз,ауызбен демді шығарамыз (8-9 рет)

Оқушыларды солға 4 лекке шығарып арнайы жаттығуларды орындатамыз:

-басты оңға,солға айналдыру, алдыға,артқа айналдыру

-қолды алдыға созып қайшылау жаттығулары

-оң қол жоғары,сол қол мықында 1-2 солға қисаю,сол қол жоғары,оң қол желкеде,оңға,солға бұрылу жаттығуы 1-2 солға 3-4 оңға

-белді оңға,солға айналдыру

-тізені ішке,сыртқа айналдыру

-екі қолды біріктіріп,білекті,тобықты айналдыру.Қолға күш беретін жаттығу.Қолды тіреп 15-20 рет денені көтеру,қолды желкеге қойып 20-25 рет секіріп отырып тұру.Аяққа,қолға массаж жасату.Оқушыларды тарату,қайтадан бір қатар сапқа жинау

Негізгі бөлім:
Оқушыларды бір қатар сапқа тұрғызып баскетбол,ойын ережелерін айтып түсіндіру.

Допты алып жүру туралы түсінік беру,допты екі қолмен алып жүру әдіс тәсілдерін үйрету екі қолмен алма rtptr

Допты себетке салу туралы түсінік беру.Допты жылдамдықпен алып келіп алыс,жақын қашықтықтардан  себетке салу әдіс-тәсілдерін үйрету.Бірден орныннан,секіріп барып себетке салу әдіс-тәсілдерін үйрету.

Алаңдағы орын ауыстыру әдіс-тәсілдерін үйреті,доппен және  допсыз қимыл-қозғалыстарды үйрету.Доппен келе жатып кілт тоқтап,бір аяққа тұрып допты әріптеріне не болмаса себетке лақтыру әдістерін үйрету (2-3 реттен қайталау)

Оқушыларды екі топқа бөліп,жеңілдет/н ереже бойынша баскетбол ойынын ойнату,ойынға төрелік ету.

Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу,сабақты қортындылау,жақсы ойын көрсеткен оқушыларды марапаттау,бағалау

Үйге тапсырма беру:

Секіртпемен секіру,қолға,аяққа күш беретін арнайы жаттығулар

«Сау болыңдар оқушылар» «Сау болыңыз агай».

13-14 мин1 мин 30 с

1мин 30с

3 мин

4 мин

1 мин

3 мин

25 мин

1 мин

3 мин

3 мин

4 мин

14 мин

5 мин

1 мин

3 мин

1 мин

Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару

Оқушылардың бірдей орындау шеберлігіне назар аудару

Аяқ,қол,иық бұлшық етінің қызметін арттыру

Әр оқушының жаттығуларды дұрыс орындалуын дұрыс орындалуына бақылаулар жасау

Терең мұрынмен демалып аяқтың ұшына тұрып,демді ауыздан шығарып,аяқты қалыпты жағдайға түсіреміз

Жалпы дамыту жаттығуларына дұрыс орындалуына назар аудару

Жылдам бір қатар сапқа тұру қабілеттерін қалыптастыру

Оқушылардың допты дұрыс алып жүру әдістерін қадағалау,қателіктерін айту

Допты себетке дұрыс және нақты салуына назар аудару

Оқушылардың әріптесіне дұрыс беруін,қабылдау әрекеттеріне назар аудару

Оқушылардың ойын кезіндегі қателіктеріне назар аудару

Оқушылардың тиісті бағаларын қою

Оқушыларды бір қатар саппен залдан шығару

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.