Ұстаз – ұлы тұлға.

 Маржан Маселова. ШҚО Тарбағатай ауданы Тоғас батыр атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Қазіргі   заманда   бәсекеге   сай   болуымыз  білім  беру   жүйесіне байланысты.  Алдымызда  тұрған  өзекті  мәселенің  бірі –  білім көкжиегін  әлемдік  кеңістіктің  биігіне   көтеру  деп  ойлаймын.  Ұрпақ   тәрбиелейтін   ұстаздар  үнемі   білімімізді  жетілдіріп   отыруымыз  қажет.    Жас  ұстаздың      шығармашылықпен   жұмыс істеуіне   мүмкіндік  шексіз.  Жас ұстаздарға  бағыт-бағдар,  әдістемелік  көмек,  қолдау   керек.    Оның  бір   негізі   мектептегі  әдістемелік  кабиенет   деп  есептеймін.  Мектебімізде   әдістемелік   кабинет  жабдықталған.  «Спорт деген   сырлы әлем», «Химия және   әлем»,  «Білім негізі-бастауышта»,  «Жаңа  технология- сабақта»,  «Жасампаздық  кілті- жаңа жобалар»  мұғалімдер арасында  өткен  әртүрлі  іс-шараларды,  оқушы   жетістіктерін,  аудандық  семинарлардың,   апталықтардың қорытындыларын   бейнелейтін    материалдарымен     толықтырылып  отырылады.  Әр мұғалімнің  портфолиосы  жинақталған.    Мектебіміздің    әдістемелік кабинет жетекшісі  –   оқу ісінің меңгерушісі   Малгаждарова   Гульнара  Аскербекқызы.

Гульнара  Аскербекқызы – жас ұстаздарға  ізденіспен  жұмыс істеулеріне бағыт- бағдар беріп,   Сын Тұрғысынан  ойлау  жобасы  бойынша  да  жас  ұстаздарға   көмек  көрсетіп    отырады.   Мұғалімдер арасында   «Педагог этикасы-   ұстаз мәдениеті»,  «Қазіргі сабақ  типологиясы»  практикум семинарлар  мен    «Педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру»,  «Ұстаздың  кәсіби іс – әрекетіндегі   педагогикалық  әдеп»,  «Бала – біздің   болашағымыз»,  «Ұстаз бақыты»,   «Кәсіби  тұлғалық  құзіреттілік»   тақырыптарындағы    психо-педагогикалық    семинарлардың   жас  ұстаздар  үшін алары да, үйренері  де  көп   болары  сөзсіз.  Ұстаздар  арасында  өтетін «Жыл мұғалімі»   «ХХІ  ғасырдың   жас мұғалімі»,

«Эрудит  ұстаз»   конкурстары   мен   «Үлгілі сабақ»,    «Үздік бастауыш сынып мұғалімі»,   «Үздік   бірлестік»   сайыстарына  қатыса  жүріп  кәсіби   біліктілігімізді    ғылыми жағынан да,   практикалық  жағынан да үздіксіз жетілдіріп отырамыз.   Жаңа  технологиялық   әдістермен,  шығармашылықпен   жұмыс істеудің  жетістіктері   көп.  «Жас   ұстаздардың  шығармашылық  ізденісі – сапалы білім кепілі» тақырыбындағы  аудандық    педагогикалық   оқуға  жас  ұстаздар   белсене  қатысты.   Тарих   пәнінің   мұғалімі  Әсем  мен     бастауыш сынып мұғалімі  Ғабдуллина Гүлназ  аудандық   педагогикалық  оқуда   іс-тәжірибелерін   бөліссе,  бастауыш сынып мұғалімі  Ғабдуллина Гүлназ    облыстық   педагогикалық  оқуға қатысып,   марапатталып  қайтты. Жас ұстаздардың  биіктен  көрінуіне  ықпал етіп отырған    Гульнара Аскербекқызының  еңбегіне    сәттілік  тілеймін.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.