Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Түйе

Өткізген: Тегісбаева А.Б  Жаңаөзен №6 орта мектеп

Сабақтың мақсаты:   1. Өлеңнің мазмұнын меңгерту. Төрт түлік туралы түсініктерін толықтыру. Түйе  туралы толық түсінік беру;
2. Төрт түлік туралы түсініктерін, мал шаруашылығы туралы білімдерін және тіл  байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу, көркем жазу қабілеттерін дамыту;
3. Төрт түлікті қастерлеуге, мейірімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, төрт түлік суреттері, қарта, құрт, балқаймақ, сүт, айран, түйенің жүні, қамшы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.

–         Сиыр
–         Өлеңді жатқа сұрау
–         Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру, бекіту.

***

3. Жаңа сабақ.

–  Жұмбақ шешу
–  Иір – иір денесі

Сахарның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады

–         Түйе

***

– Оқушылардан түйе туралы не білетіндерін Сұрау.
– Оқушылардың түсініктерін толықтыру.

***

Бір өркешті түйе, екі өркешті түйені көресту. Олардың айырмашылықтарын айту.

–         Бір өркешті түйені нар, нар мая, аруана, ал аталығын үлек деп атайды. Аруана сауын түйелерінің көбі. Сүтті болып келеді. Бірақ еті, жүні аздау болады.
–         Ал, екі өркешті атан, қоспақ, іңген, аталығы – бура  делінеді. Іңген сауын туйелердің сүті аруанаға қарағанда аз болады. Олар етті,жүнді болып келеді.
–         Картадан көрсету. Түйе шаруашылығы Маңғыстау, Қызылорда облыстарында бар. Қарақия ауданында қазыр түйе шаруашылығы жолға қойылған.

***

– Түйенің төлін – бота дейміз. Қазақ халқы  жаңа туған қыз баласына ботаның көзіндей үлкен, әдемі болсын деп Ботакөз, Ақбота деп ат қояды. Мамалары        Ботам деп аймалайды.

***

Ерте кезде қазақ халқы түйені көлік ретінде де пайдаланған. Үстіне мініп, осы осы түйеге жүк артып көшкен.
Түйеден басқа төрт – түлік сияқты ет,сүт,жүн,тері алынады

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.