Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ж дыбысы мен  әрпін    таныту, сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Әріп элементтерін  дұрыс, сауатты,таза жазуға машық-тандыру,сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі:  адамгершілікке,  ұқыптылыққа, табиғатты қоршауға тәрбиелеу.
Түрі:  саяхат   сабақ
Көрнекілігі:  суреттер, кеспе әріптер, кеспе буындар, аңдар  суреті.

Сабақтың  барысы:
1 Ұйымдастыру  бөлімі.
Психологиялық  дайындық.
Үлкенге  де сіз, кішіге де сіз.
Сәлем  бердік  сіздерге
Құрметпенен  біз.

2. Үй  тапсырмасын  тексеру.
-Балалар, қазір  жылдың  қай  мезгілі?
-Күз мезгілі.    Күз мезгілі туралы әңгімелеу.
«Жапырақ  жинау »ойыны. Әр  жапырақтың  артындағы  ы дыбысына берілген сөздерді оқыту,  дыбыстық  талдау жасату.
Өткен  дыбыстарға  шолу  жүргізу. Әр дыбысқа  тақпақ айту.
-Балалар,  бүгін біз табиғатқа саяхатқа  шығамыз.
Бүгін  күн  қандай  тамаша!  Далаға   серуенге  шығамыз ба?
-Шығамыз.
-Балалар,  далада  жыртқыш  аңдар  кездесуі  мүмкін. Сондықтан   олардан құтылу  үшін  тапсырмаларын  орындауымыз  керек.
Өзі қорқақ,  өзі  ноян.  Оның   аты-  қоян.

Қоянның  тапсырмасы:     Жұмбақ  шешу.
Бос жер қалмай аспаннан,
Түнде  шашып  тасталған.
Моншақтардың  аты  не?
Қайсы әріптен  басталған? ( Жұлдыз )

Ішіне  тамақ  салынған
Есігі тастай  жабылған.  (Жұмыртқа)

-Ж дыбысы  ұяң,  дауыссыз  дыбыс.
Дыбыс  дегеніміз не?
Әріп  дегеніміз не?

Ж дыбысына  қатысты  сөздер  айтқызу.
Ж әрпін  хормен  айту.
Жыр алыбы -Жамбыл ата,
Ардақтайды  оны  бала. ( Жаттау)

Жолбарыстың  тапсырмасы:  Оқулықпен  жұмыс.
Сөздерді  тізбектеп   оқыту. Әр  сөзге  түсінік  беру.

Қасқырдың  тапсырмасы:  Сөзжұмбақ   шешу.
Ж  у  а                                                1. Қалың  киім  ұнатады.
а у а                                                     Шешіндірсең жылатады
с  а  н                                                  2. Біз  немен   тыныс  аламыз?
н  а  н                                                  3. Математика  пәнінен  таныстық
а  н а                                                   4. Ас  атасы-  нан

5. Ең  қадірлі  жан
Жусан – мал  сүйсініп  жейтін  шөп.  Ол  далада  өседі.
Жусан  мәтінін  оқып  беру,  түсіндіру.
Оқушыларға  оқыту:  жалпылай тізбектей

Сергіту  сәті. Балапан   биі.

Аюдың   тапсырмасы:   « Сөз ойла, көп ойла » ойыны
Ж   дыбысынан  келетін   сөздер  айту,
Дыбыстық  талдау  жасау.
Жүрген  жері  күлкі, аңның  аты  түлкі.

Түлкінің  тапсырмасы:    Дәптермен   жұмыс.
Ж  дыбысын  ауада  жазып  көрсету. Тақтаға жазу
Сергіту  сәті.  Бір, екі, үш.
Бойға  жинап  күш.
Қолға  қалам аламыз,
Әдемі  етіп  жазамыз.
Тексеру,  бағалау.

Қорытынды   бөлім:

Буындардан  сөз  құрау,тақтаға  жаздыру.
А-ға                                              жа-лау
Жа-ға                                             жа-сау
Та-ға                                              жа-рас

-Балалар,   міне  сендер далада  кездескен  аңдардың  тапсырмаларын   орындадыңдар. Енді  сыныбымызға  қайтайық.
«Көршіңді  тап»  ойыны.
Сандарды  ретімен  қойса, тілек  сөз  шығады.
Айт  қабыл  болсын!
Айт   мерекесі  жөнінде   айтып   кету.

Бағалау.          Мадақтау .           Аяқтау.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.