Мәліметтерді сүзу 8-сынып

Аты-жөні: Мұханова Меруерт Базарбайқызы

Қызмет орны:   Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе кенті Нұн Жұбаев орта мектебі

Мамандығы: Информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға  Microsoft Excel бағдарламасында  сүзу түрлерімен таныстыру, Сүзгі параметрлеріне сұрау салу және мәліметтер базасы өрістерін сүзуді үйрету тәсілін меңгерту;

дамытушылық: Әрбір оқушының жаңа тәсілдер арқылы жұмыс жасауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік, ақпараттық, программалық  сауаттылыққа, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу мақсатында тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,ррбағдарламасы,үлестірме парақтар(түртіп алу – Insert),дискуссиялық  карта.

Сабақтың түрі: теориялық-практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларын сабаққа бейімдеу.

2.Үй тапсырмасын тиянақтау.Тест

ІІ. Жаңа сабақтың кезеңдері:

1-кезең:Сто әдісі бойынша Түртіп алу – Insert

2-кезең: Жаңа түсініктер

3-кезең: Дәптермен жұмыс

4-кезең:Практикалық тапсырма

5-кезең: Сергіту жаттығуы

ІІІ Бекіту кезеңі

1. “Бүгін не білдім?”

2. Дискуссиялық карта

ІІІ.Оқушыларды бағалау мониторингі.

ІҮ.Үй жұмысына тапсырма беру

ҮІ.Сабақты аяқтау

“Менен сұрақ, кім жылдам”

1.cel программасын іске қосу үшін қандай жолдарда орындалады?

А) бағдарламалар – Іске қосу

Ә) Іске қосу – стандартты – Excel

Б) Іске қосу –– бағдарламалар —   Excel

В) Іске қосу –бағдарламалар  – MS Office – MS Excel

2. Бағана мен қатарлар қиылысу нүктесі не деп аталады?

А) ұяшық   Ә) стандартты  ұяшық    Б) қатарлар  В) бағаналар

3. Автосумма батырмасының зметі қандай?

А)ұяшықтарды біріктіру

Ә) қосындыны табу

Б) минимум мәнді

В)құжатты сақтау

4.Егер В1 ұяшығына туған жылыңды, С1 ұяшығына биылғы жылыңды, D1 ұяшығына =C1-B1 формуласын енгізсек, ол нені санап шығарады?

А) туған күніңді    Ә) жасыңды   Б) қосындыны  В) максимум мәнді.

5.Excel электрондық кестесі не үшін керек?

А) мәтіндерді енгізу

Ә) сандарды енгізу

Б) есептеулерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін

В) эксперимент жүргізу үшін

6.Диаграмма құру неше қадамнан тұрады?

А) 3    Ә) 4   Б) 5   В)2

7.Электрондық кестедегі 555 мәні деректердің қандай типіне жатады?

А) мәтіндік жазбалар

Ә) сандық деректер

Б)күндер

В)формулалық деректер

8.Жаңа құжатты қай батырманың көмегімен құрамыз?

А)                      Ә)                     Б)                        в)

9. Белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жайлы жүйеленген информациялық модель.

А) электрондық кесте  Ә)мәліметтер базасы        Б) санау жүйесі         В) логикалық амалдар

10.Мәліметтерді реттеу қандай командалармен орындалады?

А)Данные          Сортировка        ә)Формат         Автоформат

б) Вставка           Рисунок                       в) Данные          Проверка

1-кезең Сто әдісі бойынша Түртіп алу – Insert

Білетін мәселе Сен үшін жаңалық Анықтау керек
 

+ ?

2-кезең: Жаңа түсініктер

– Балалар,күнделікті өмірде қандай фильтрлерді(сүзгілерді) білеміз?

– Машинананың фильтрі,су тазартатын фильтр,мұржаның сүзгісі т.б

-Бүгін мәліметтерді, яғни электрондық кестедегі тізімдерді сүзгілеу жолдарын үйренеміз.

Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.

Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.

Мәліметтерді сүзудің түрлері

автосүзгі

Кеңейтілген сүзгі

Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:

1.Сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;

2.Мәліметтер(данные) менюінде Сүзгі (Фильтр)бөлімін таңдап,Автосүзгі (Автофильтр) бұйрығын  орындаңыз;

Данные              Фильтр                   Автофильтр

3.Сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;

4.Қажет мәнді табыңыз;(Барлығы.Алғашқы10…)

Тізімде екі немесе одан да көп мазмұн бойынша сүзу үшін Шарт (Условие…) жолын таңдаңыз

Автоөшіру үшін(бұрынғы кестелік күйге келу)

Данные              Фильтр                   Автофильтр

3-кезең: Дәптермен жұмыс

  1. 1.     Сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
  2. 2.     Мәліметтер(данные) менюінде Сүзгі(Фильтр)бөлімін таңдап, Автосүзгі(Автофильтр) бұйрығын  орындаңыз;

Данные              Фильтр                   Автофильтр

3. Сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;

4. Қажет мәнді табыңыз; (Барлығы.Алғашқы10…)

4-кезең

 

1. MS Excel бағдарламасын іске қосыңыз;

2. Төмендегі ”Маңғыстау ақындары” тақырыбындағы кестені

орындаңыз.

Фамилиясы Аты Туған жылы Өлеңі Туған жері
Кекілбаев Әбіш 1939 Алтын шуақ Онды
Қилыбаева Айсырға 1949 Менің елім Шайыр
Тұржанова Оңайгүл 1955 Ақтау Шетпе
Қонарбаев Әзірбайжан 1944 Компьютер-түрме Шетпе
Ыбыраев Көмек 1950 Маңғыстау Жармыш
Назарбеков Сайын 1941 Табалдырық Тиген

3. “Туған жылы”, “туған жері”өрісіне Автосүзгі жасаңыз;

4. “Аты жөні” өрісін алфавит бойынша реттеңіз;

5. Сүзуді тоқтатып, тізімді қалпына келтіріңіз;

6.  Кестені сақтап,жұмысты аяқтаңыз;

5 – кезең

“Қатесін тап” ойыны

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

“Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын».

Қатесі: Бірінші сканерді іске қоспайды, жүйелік блокты бірінші қосу керек,сканерден өткізілген мәлімет түзетілмейді, мониторды екінші қосу керек.

ІІІ.  Бекіту кезеңі

1. “Бүгін не білдім?” (балалар жазу керек) «Топтастыру» стратегиясы

Мәліметтер базасы

Электрондық кесте

Реттеледі

сақталады

өңделеді

сүзіледі

2.

Сұрақтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жауап 

Ия/жоқ

(0/1)

Цифрлық диктанттың жауабын дұрыс тұжырымдаған болсаңыз(11110011010),екілік санды ондық санау жүйесіне айналдырғанда АҚШ-та ең алғаш ENIAC электронды есептеуіш машинасының жасалған  жылы шығады.

Екілік санды ондық санға айналдыру үшін Инженерлік калькуляторды пайдаланайық.

Пуск—-Программы—-Стандартные—-Калькулятор —Инженерлік

Мұнда Bin(екілік жүйе)белгісін таңдап,санды енгіземіз де,Dec(ондық жүйе)белгішесін басамыз.Сол кезде индикаторға ондық сан шығады.(1946)

Сұрақтар:

1.MS EXCEL бағдарламасы кестемен жұмыс жасауға арналған.(1)

2. MS EXCEL-дің файлы жұмыс кітабы деп аталады. (1)

3.Баған мен жолдың қилысуын ұяшық деп атаймыз. (1)

4.Жұмыс парағы 256бағаннан 65536 жолдан тұрады. (1)

5. EXCEL-де               Сақтау батырмасы Форматтау қатарда орналасқан.(0)

6.Мәліметтер базасында бағандарды–жазу,жолдарды–өріс деп атайды. (0)

7. MS EXCEL бағдарламасының кеңейтілімі xls. (1)

8. Мәліметтерді реттеу Данные — Сортировка командасы арқылы орындалады. (1)

9. Мәліметтерді реттеудің 3 түрі бар. (0)

10. Мәліметтерді сүзу Данные – Фильтр – Автофильтр командасы арқылы орындалады. (1)

11. Мәліметтерді сүзудің 3 түрі бар. (0)

ІІІ Оқушыларды бағалау

Оқушылардың білім көрсеткіш мониторингісі

ІҮ. Үй жұмысына тапсырма беру

1.Оқулықтағы 117-беттегі  9.3 «Мәліметтерді сүзу» тақырыбын оқып ауызша айтуға дайындалу.(түсіндіру)

2.“Мәлімет”сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

Сабақ аяқталды. Сауболыңыздар

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

2 комментария

  1. дуисенбаикызы жангул

    мынандаи газдар коспасы:0,3мольН2, 0,4 моль N2 0,3 моль CO2 стандарты жагдаида кандаи колем алатынын есептендер

  2. дуисенбаикызы жангул

    мынандаи газдар коспасы:0,3мольН2, 0,4 моль N2 0,3 моль CO2 стандарты жагдаида кандаи колем алатынын есептендер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.