7-сынып. Қазақ әдебиеті. Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарманова Маншук Азилхановна

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік:Баубек Бұлқышевтың  өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып шығарманың жанры,көркемдік ерекшеліктерін тану;
2. Дамытушылық:оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру,өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, топпен жұмыс істеуге төселдіру;
 3Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,ұлттық намысты қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Типі:  Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: СТО жобасының стратегиялары («ВЕНН диаграммасы»,  «Топтастыру», «РАФТ»,  «Кешенді талдау», «Авторға хат»)
Көрнекілігі:  Баубек Бұлқышевтың портреті, «Заман біздікі», «Адамзатқа хат» жинақтары, электронды оқулық, Ұлы Отан соғысы кездерінен слайдтар, географиялық карта, тест сұрақтары, бағалау парағы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады және сабақтың айдарын мәнерлеп оқиды;

Сабақтың айдары:
… Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп,үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға  жараса, менде одан басқа арман да жоқ, ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

ІІ. Сабақтың барысы;
Қызығушылықты ояту. «Ізденіс»

Үй тапсырмасын тексеру;

Әдебиетші:
Ақын Баубек Бұлқышев – 30-40 жылдар жастарының өкілі. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы “Аманкелді” аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелі  шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.
Ол 1930 жылы “Ұлытау” совхозының фермасында есепші болып қызмет істейді. Ал 1937 жыл Алматы сауда-қаржы техникумына оқуға түседі, 1939 жылы “Лениншіл жас” газетінде әдеби қызметкер, кейініректе “Октябрь балалары” газетінің бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы РККА қатарына шақырылады , Москвада сапер училищесінде оқиды. Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. 1940 жылы Финляндиямен арада соғыс өрті лапылдағанда өзі тіленіп, әскер қатарына алынды. Осыдан соң Б.Бұлқышевтің жауынгерлік өмірі басталады.
Б.Бұлқышев қатардағы жауынгерден офицерлік дәрежеге дейін көтеріледі. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды публицист, ер жүрек жауынгер Москваны қорғады. Украинаны азат етісті, сөйтіп 1944 жылдың бас кезінде қаһармандықпен майданда қаза тапты.
Б.Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады, “Алматы-менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар.
Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның “Өмір мен өлім туралы”, “Өмір сүргім келеді”, “Заман біздікі”, “Шығыс ұлына хат”, “Тыңда, Кавказ”, “Жауыздық пен махаббат” деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. Бұл шығармаларының көпшілігі тұңғыш рет “Комсомольская правда” газетіне орыс тілінде басылып шыққан. Кейін оның мақалаларын жазушы Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялады. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды.
1946 жылы Москвада “Жизнь солдата” деген жинақ шықты, бұған Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енгізілді.
Б.Бұлқышевтің көркем әдеби мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакциясымен шыққан “Өмір біздікі” кітабында, сондай-ақ “Жауынгер мәңгілігі” кітабында жинақталған.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.