Қазақстан рәміздері. Жоғары сынып оқушыларына арналған тарихи-танымдық турнир.

nazsadirova00-150x150Садирова Назира К. «Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі» орталығының директоры. Шығыс Қазақстан Облысы Жарма ауданы.

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,  кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

25-қазан- Республика күні, яғни Республикамыздың, егеменді еліміздің Тәуелсіздік туралы Декларация қабылдаған күні.  Осы мерекеге, тарихи оқиғаға орай, Қазақстанның Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы он бес жыл бойы   «Қазақстанды таны» сериясы бойынша «Атамекен», «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Қазақстанды таны» (1,2), «Екі дүние есігі», «Ұлы жібек жолы» және т.б. еліміздің Егемендігіне, Отан тарихына арналған әдістемелік құралдарды шарыққа шығаруда. Бұл әдістемелер республикадағы кітапханашылар қауымына, балалар оқуының жетекшілері арасында да үлкен сұранысқа ие.  Қазақстан Республикасының 15 жылдығына орай кітапхана ұсынып отырған  «Туған елім, тірегім» атты әдістемелік құрал осы тамаша серияның заңды жалғасы іспеттес.   Еліміздің егемендік жылдары  қол жеткен табыстары, тарихтағы өзгерістер, Отанымыздың «тар жол тайғақ кешу» жылдарының жаңа қырларын танытатын  құралымызда Қазақстан туралы тың тақырыптар мен жаңа әдебиеттер бойынша сұрыпталған жұмыс түрлері берілген.

Ескерту: Қазақстан туралы, оның тарихына, салт-дәстүріне байланысты шаралар өткізгенде қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып, «RGB-studio» компаниясының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке тарату мақсатымен әзірлеген «Қазақстанның скиф-сақ алтын жинағы», «Берел қорғаны», «Қазақ киімінің антологиясы», «Қазақстанның көне зергерлік бұйымдары», «Таңбалы» атты мультимедиялық дисклерді қолдануларыңызға болады. Сонымен қатар,  «Қазақфильм», «Хабар» агенттігі, Президент ТРК-сы Отанымыздың бүгінгі тынысы, Елбасымыз туралы жарыққа шығарған «Қазақстан. Тарихы мен бүгіні», «Республиканың бір күні», «Жарияланбаған шеру хроникасы», «Полигон» және т.б. туындылардан бейнеүзінділер пайдалануларыңызға болады.

Қазақстан рәміздері

Жоғары сынып оқушыларына арналған тарихи-танымдық турнир

          Дайындық кезеңі: Шараны өткізу үшін ҚР елтаңбасы, әртүрлі елдердің елтаңбалары, Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалалары, алғашқы этностық-мәдени нышандар, Кеңестер Одағының елтаңбасы, тулардың суреттері дайындалады.  Бұл шараны өткізу үшін Е.Шаймерденовтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты рәмізтану саласына байланысты жарық көрген кітабының пайдасы зор болады. Ондағы түрлі-түсті рәміздік белгілердің суреттерін жұмыс барысында пайдалануға болады.

Жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.

      Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран

Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді.

        Жүргізуші :   «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.  Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.  Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.

І тур

  • Елтаңба дегеніміз не?

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.

Толық нұсқасын көшіріп аылңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Один комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.