Әдебиетті модульдік технология бойынша оқыту (7-сынып)

Байжанова Мысырша қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Бесарық ауылы Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектеп

Жеке тұлғаның танымдық қабілетін, танымдылық  үдерістерді (есту, көру, жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелілігі бар технология – М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы».Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді, оқулықты пайдаланады.

Интерактивті оқыту формаларын пайдалану арқылы оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылдырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.

Бұл технологияны өз тәжірибемде үшінші  жыл қолданамын. 7–сыныпта әдебиет пәніне берілген 68 сағатты 9 модульге бөлдім. Бұл сыныптың жоғары сыныптарға қарағанда ерекшелігі – тақырыптардан ұсақтылығы. Ең ұзақ тақырыпқа 4 сағат берілген. Әр модульді бастар алдында оқушыларды сол модульге салынған тақырыптармен, оқыта үйрету ойындарымен, модульдің 3 бөлімімен, тірек сызбалармен интерактивті тақта арқылы таныстырып өтемін. Енді 8–модульдің өтілу барысымен таныстырамын.

 Модуль №8

Ауыл тіршілігі, 7 сағат

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыт

К

І

Р

І

С

П

Е

1-сабақ

1. Модульдің құрылымымен, мақсатымен, міндетімен таныстыру.2. Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.

3. О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат».

4. С.Мұратбеков «Жусан иісі».

5. Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран».

6. Қ.Ысқақов «Қоңыр күз еді».

7. НТС жұмыс

8. Дәптер-кітаппен жұмыс

9. Қорытынды. Үйге тапсырма.

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут 

С

Ө

Й

Л

Е

С

У

2-сабақ

Оқу материалын меңгерту. «Өзара оқыту» сабағы.Үйге тапсырма

40 минут

5 минут

3-сабақ

Білімді дамыту. «Әдебиет лотосы» ойыны.

45 минут

4-сабақ

Іскерлік дағдыларын пысықтау.Жеке топтық  жұмыс формасы.

45 минут

5-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту. Пікірталастық және ролдік оқыта үйрету ойыны.

45 минут

6-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту. «Сынып жеңімпазы» ойыны.

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

Сынақ

45 минут

Мақсаты:

а) білімділік: ақын-жазушылардың еңбектерімен таныса отырып шығармаларының идеясы, мазмұнын, тәрбиелік мақсатын айыра білуге, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

ә) дамытушылық: сөздік қорларын, ой өрісін шыңдай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: өзін-өзі бағалай білуге, еңбек сүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушы нені білу, нені меңгеруі керек?

–         Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәнін терең меңгеруі;

–         Шығарманы жан-жақты талдай білуі;

–         Символ туралы мәлімет алуы.

1) Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ.Бітібаева әдебиетті тереңдетіп оқыту. Алматы «Мектеп», 2003 ж.

М.Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы».

Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы «Ана тілі», 1998 ж.

2) Шығармашылық жұмыстарды орындау үшін қосымша әдебиеттер:

О.Бөкейв, Қ.Мырзалиев, С.Мұратбеков, Қ.Ысқақовтардың шығармалар жинағы.

1-сабақ. Кіріспе бөлім.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Модульдің құрылымымен таныстыру.

3) Жаңа тарауды тірек сызбалар, электронды оқулық арқылы түсіндіру.

Модулдың барлық сабақтарын және көренкліктерін көшіріп алыңыз.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.