Тақырыбы: Бастауышпен қоштасу

janatkaida00Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы

Мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен  қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы  өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалім:
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені  бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.

–          Кеше ғана  тұлымдары  желбіреп, жүректері  лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз  ойлары  толып, бойлары  өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» қласының «Бастауышым – бастамам,Білім жолын бастаған» атты  бастауышпен қоштасу салтанатына  қош келдіңіздер!

Толқимыз, толқып  тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңызда?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап алғанымда 9 едің,
9-ыңды жекелеп парақтадым.

Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Білім бар білім десең  баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.

Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы  қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр – ау !

Расында да, 4 жыл 4 күндей  өте шықты ғой. Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.

Рабиға Мұхитқызы анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді  жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін

Жанат Утепбергенқызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

Жүрегі нұр Динара Уразбайқызының
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз біз сізді  әрдайым.

Байсалды  мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.

Ақөрік Сағырбайқызы неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсін.

Ұстаздардың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.

Мектебімде ұстазым бар логопед Сәуле Хамитқызы
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.

Жолашар ағай  үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Айнагүл апайды  шебер домбырашы дер едім,
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.

Орыс тілі әр кезде  керек ертең
Мәриям апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары  қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Бота апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да  бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз.

Жүрегімді Гүлжайнар  апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.

Райса Санжовна жан ұстазым,
Сізден үйрендік әртістік қыр-сырларын.
Саяң ыстық, сіз мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектебімде Бекболат ағай мен Руслан ағайлар бар
Бізді олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін  жасатып,
Әрқашан денең  шымыр болсын дейді.

Жанат апай
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын  ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз  тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз  сізге біздің шексіз мың!

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін  балаларға
Тапсырамын  білімнің мен кілтін.

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын  күн нұры.
Жаңа табыс  жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы  соғылсын!

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.