Әдебиеттік оқу. Асқар Тоқмағамбетов «Түлік туралы сабақ».

Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Төрт түлік малдардың атауларымен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік:Төрт – түлік малды күтіп бағуға, қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың портреті, флипчарттар, кесте қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану

Сабақ барысы.

І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз

1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.

Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

Класс оқушыларын  3 топқа бөлу.  Әр топта 3 оқушыдан. Үйге жеке – жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын, сол тапсырмалар бойынша үй тапсырмасын сұрау..

1 – тапсырма: Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2 – тапсырма: «Менің ботам» тақырыбына   өлең құрастыру.
3 – тапсырма: «Ақ бота» тақырыбына  әңгіме құрастыру.

ІІІ. Үй жұмысын бекіту.

  1. Үлектен адамдар неге қорқады екен?
  2. Шығармада үлектің қандай пайдасы әңгімеленген?
  3. Түйе малынынң төлі қалай аталды?
  4. Түйенің пайдасы қандай?

ІV. Автор туралы мағлұмат.

АСҚАР  ТОҚМАҒАМБЕТОВ (1905 – 1983) – ақын жазушы.

Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ташкент политехникалық техникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»),  «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде  Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазған. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады:  ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғытүнде», «Рейн жағасында» т. б.). Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген. «Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман  бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген. Асқар Тоқмағамбетов  проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады»

( О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.

Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған.

Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың толық нұсқасын көішіріп алыңыз.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.