Интернет

aidana000Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №194 орта мектебі информатика пәні мұғалімі Ергенова Айдана Көркемқызы

Сабақтың тақырыбы:  Интернет желісі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Интернет, Электрондық пошта жайлы айтып,  тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіріп, Интернет жүйесін қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі:       Іскерлік ой-  дағдыны қалыптастыру  сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілдігі: компьютерлер, дидактикалық материалдар, сурет, плакаттар
Сабақтың өту кезеңдері:
1 кезең. Ұйымдастыру кезеңі
2 кезең. “Қызықты ойнатқыш” ойыны (үй тапсырмасын қайталау )
3 кезең. Жаңа сабақ

4 кезең.     “Интернеттің пайдасы мен зияны”            (практикалық  тапсырма

5 кезең. “Артығын тап”  (сабақты  бекіту)
6 кезең. “Интернет әлеміне саяхат” (сабақты  қорытындылау)
7 кезең. Бағалау
8 кезең. Үйге тапсырма  беру

1 кезең Ұйымдастыру кезеңі

  •  Оқушыларды түгелдеп,
  • зейінін сабаққа аудару

2 кезең “Қызықты ойнатқыш“ойыны
Өткен сабақты қайталау

Мультимедия

Мультимедия – бұл компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.

               Мультимедиялық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графикалар және слайттар, мәтіндер базасы кіретін интерактивті компьютерлік жиынтық кіреді. Өзіндік бағыттағы  “Компьютерлік жүйе“ ретінде Америкада 1990 жылдың басында пайда болды.Сол кезде алғашқы программалық жабдықтамалар компаг дискілер арқылы шыға бастады. 1990 жылы CD-де барлығы 10 мультимедиялық бағдарламалар шығарылды, ал бүгін олардың саны одан мыңдаған есе артық болып отыр.

3 К Е З Е Ң
ЖАҢА  САБАҚ
Жаңа сабағымның тақырыбы: Интернет

ИНТЕРНЕТ – миллиондаған компьютерді ақпаратқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын жүниежүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі. Бүгінде осы ақпараттық кеңістікте бірнеше млн. Пайдаланушы қосылған. Әр пайдаланушы одан өзіне керектісін тауып, оған керекті дегенді береді. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен толығып отырады.Internet – 1969 жылы АҚШ – та осы елдің Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасаған, Arpanet  желісінен пайда болды. Arpanet оқу орындарын, әскери медігерлерді біріктіретін желі. Бұл желі алғашында жақындағы  компьютерге бағдарлама енгізуге мүмкіндік берді. Көп ұзамай бұған файлдарды, электрондық поштаны және тізімді жіберуді қосты. Бұл желінің өсуіне орай басқа да желілер дамып,  бір – бірімен жалғасты. Осылай бір – бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

ІР (Internet Protokol)-мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар  бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.

ТСР (Transmission Control Protocol)-мәліметтерді жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

ТСР/ІРИнтернет  желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Интернеттің негізгі қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) –электрондық почта. Желі тұтынушылары арасындағы мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады

E-mail адрестік құрылымы:   есім@мекеме.домен

Мысалы:  сommon@pushkinlibrary.kz

Usenet- тегі жаңалықтар тобы дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін,яғни ақпарат алмасуына арналғани электрондық пікірталас топтары. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады.

FTP (File Transfer Protocol)- файлдарды жіберу протоколы –бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жібнеру кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. ҒТР көмегімен кез-келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

Чат (IRC-Internet Real Chat)-Интернеттің қосымшасы, желіде нақты уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.  

Интернеттегі ауқымды іздестіру жүйелері

http://www.google.com GOOGLЕ ақпаратты іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағада базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларғ қарапайым және кңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде соңнымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http://www.hotbot.com-HotBotіздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамыніда аудио, видио немесе анимациялары барфайлдарды іздестіруге болады .

http://www.yahoo.com-Yahoo- тез іздестіретін анықтамалардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классифиатор бойынша іздеу мүмкіндігі бар.

http://www.rambler.ru-Rambler- іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі  12 миллионға жуық мәліметтер индекстелген. Өзекті сөзбен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://www.altavista.com–   Alta Vista  ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқса айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html-құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. Alta Vista  қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасындағы жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

http://www.aport.ru- Апорт-ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйед іздестірудің кең спектілі мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері

 

http://www.site.kz “Весь WWW-Казахстан“ –Қазақстандық іздестіру  порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды  табуда көмек береді. Өзекті сөзбен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.                                          

http://www.tabu.nursat.kz-TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстармен  қатар Қазақстаннан  тысқары жерлердегі еліміз туралы веб-парақтарды   іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы  іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://www.akolya.hypermart.net – қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған Аймақтық белгісі бойынша домендер атауы

.kz  Қазақстан
.ru  Ресей
.ua  Украина
.by  Белоруссия
.uk  Ұлыбритания
.it   Италия
.jp  Жапония
.de  Германя
.fr  Франция
.cn  Кытай

Электрондық пошта

Желі арқылы хабарлардың алмасужүйесін Электрондық пошта (E-mail)деп атайды.

Хабар құру. Жаңа хабарлар құру үшін құралдар тақтасындағы Создать сообщение батырмасын шертеді. Терезенің жоғарғы бөлігінде хабарды немесе оның көшірмесін қайда жіберу қажет екендігін көрсететін электрондық мекен-жай және тақырып енгізіледі.

Электронда почта           ——                       Кәдімгі почта           ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.

Aliov@soros.krg.kz.,Soros-пошта сервері(пошта бөлімшесі)

Krg-қала аты (Қарағанды).Kz-ел аты(Қазақстан).Aliov-пошта жәшігінің аты.
Нүкте және @ символы-бөлгіш белгілер

4 кезең . Интернеттің пайдасы мен зияны …. (практикалық тапсырма )
5- кезең . Артығын тап. (тақырыптан тыс сөздерді табу) сабақты бекіту
5  кезең. Интернет әлеміне саяхат. (Қорытынды сабақ)

Интернет әлеміне саяхат
Интернет желісіне қалай қосылуға болады?
Интернетке қосылу келесі әрекеттерді орындаймыз. ADSL  модем ––> Вызов ––> Microsoft Internet Explorer іске қосқаннан кейін экранға Microsoft Internet Explorer терезесі шығады.

Интернет дегеніміз не?
Интернет-миллиондаған компьютерді ақпартқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі

Интернет ең алғаш қандай мақсатта шығарылды?
Желі алғашында жақындағы компьютерге бағдарлама енгізуге арналып жасалынды

Интернет кімнің меншігінде?
Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады

Интернетті ауқымды іздестіру жүйелерін атаңыз?
Сіздермен байланысып тұрған “Интернет желісі“. Бүгінгі сабағымызда өздеріңіздің компьютерлік сауаттылықтарыңызды көрсеттіңіздер. Болашақта Интернетпен жұмыс жасау үшін, сіздер компьютердің қырын-сырын жетік меңгерулеріңізге тілектеспін

Бағалау.

Үйге тапсырмасын беру.

  • Интернет. Қазақстан Республикасының Әнұранының мәтінін тауып келу

Қазақстан “Білім және Ғылым“ серверін тауып келу

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.