«Санау жүйелері» тақырыбын қорытындылау сабағы

Ирса

Байғабылова Ырысалды

Сәттібекқызы

№28 Құсмұрын орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

«Санау жүйелері» тақырыбын қорытындылау сабағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санау жүйелері тақырыбы бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, санау жүйелерін есептеу кезінде олардың бөліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақты қорытынды сабақ түрінде өткізген өте маңызды. Оқушылардың сабақтың өту жоспарымен таныстырып, түрлі есептер шығару барысын өз білімдерін және мүмкіндіктерін көрсету талап етіледі.

Сабақтың өту жоспары:

  1. Кестені толтыру.
  2. Екілік арифметика.
  3. Тестпен жұмыс.
  4. Нүктемен сурет салу.
  5. Сабақты қорытындылау.
  6. Үй тапсырмасы.

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін тексеру мақсатында оқушылар есеп шығарады.

1-есеп

Кестені толтыру.

Санау жүйелері Негізі Алфавит
Ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Оналтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,В,С,Д,Е,Ғ

2-есеп

Екілік арифметика

Екілік арифметика  көбейтіндісін  есептеңіз.

1 ) 110102 * 1102 = 100111002
2 ) 111012 * 1002 = 11101002
3 ) 110012 * 1112 = 101011112
4 ) 101112 * 1012 = 11100112
5 ) 100012 * 10012 = 100110012
6 ) 2568 * 638 = 212528
7 ) 6578 * 5638 = 4702358
8 ) 3678 * 1238 = 500258
9 ) 4258 * 3568 = 2006068
10 ) 3128 * 5238 = 2055768

 

Тест сұрақтары:

1. Ақпараттың неше қасиеті бар?
А) 2               Б) 3                 В)  6

2. Ақпараттың неше түрі бар?
А) 4              Б) 3                  В) 2

3. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді?
А) 2                    Б) 3                      В) 4

4. Ондық жүйе санау жүйесінің қай тобына жатады?
А) Позициялық      Б) Позициялық емес     В) Ешқайсына

5. Он алтылық санау жүйесінде қандай цифрлар қолданылады?
А) 0-9                        Б) 0-9, А-Ғ                   В) 0-7

6. Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне  ауыстыр 10112:
А) 1110 Б) 1510 В) 1310

7. Он алтылық санау жүйесінен ондық сану жүйесіне ауыстыр 2Е716:
А) 19410 Б) 74310 В) 4310

8. Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыр 268 :
А) 36510 Б) 3510 В) 2210

9. Екілік санау жүйесінде қандай цифрлар қолданылады?
А)  0,2                         Б)  0,1                           В) 1,2

10. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын  қандай жүйе  деп атайды?
А)  Санау                     Б) Ондық                     В) Сегіздік

11. Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды?
А) Кіші цифр              Б)  Үлкен цифр           В) Разряд

12. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін қандай санау жүйесі қолданылады?
А) Сегіздік                  Б) Оналтылық            В) Екілік

13. Екілік сандармен қандай амалдар орындаймыз?
А) Арифметикалық     Б) Квадраттау            В) Бөлу

14. Қандай амалды орындағанда көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз?
А) Көбейту                   Б) Бөлу                       В) Азайту

15. Қандай амалды орындағанда бір көрші (үлкен) разрядқа көшеді?
А) Қосу                         Б) Азайту                    В) Бөлу

Шығармашылық есеп.

Әрбір оқушыға кестесі бар кәртішке таратылады. Оқушылар осы кестелерді пайдалана отырып, тапсырманы орындау керек.

3-есеп

Нүктемен сурет салу

1-кестеде екілік санау жүйесінде берілген нүкте нөмірлері мен координаталары келтірілген.

2-кестеде нүкте нөмірлері мен әртүрлі санау жүйесінде берілген оның координаталары көрсетілген.

Кейбір нүктенің координаталарын көрсетілген санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындап, табу керек. Әр нүктенің өз координаталарын ондық санау жүйесіне айналдырып, координата жазықтығында нүктемен белгілеп қойыңыз. Санау жүйелерін дұрыс айналдырып, нүктелерді бір-бірімен байланыстырса, бір сурет пайда болады.

1-кесте                                                                                   2-кесте

Нүкте координаталары
Х У
1 10012 10012
2 1112 10012
3 1012 10012
4 1002 1112
5 112 1012
6 1012 1012
7 10002 1012
8 10002 112
9 1002*102 12
10 1012 12
11 112 12

 

Нүкте координаталары
Х У
1 1002 1002
2 1012 1102
3 1102 1002*102
4 1102 1002
5 1002*102 1002
6 1112 12
7 1002*102 1102
8 10012 10002

Оқушылар қай кестемен жұмыс істейтіндерін өздері таңдайды. (Координата жазықтығында пайда болған суреттердің біріншісі өздігінше 5 санының стильді суреті болса, ал екіншісі кесте -4 цифрын көрсетеді.)

4-есеп

Қосымша есеп

Қосымша есеп болып есептеледі де, шығармашылық есепті бәрінен бұрын орындаған оқушыларға беріледі.

Әр түрлі санау жүйесінде жазылған сандарды өсу ретімен орналастыр:

3510 , 368, 3А16, 101012

Үйге тапсырма:

Мына кестеде  санау жүйелерін дұрыс айналдырып, нүктелерді бір-бірімен байланыстырса, бір сурет пайда болады.

Нүкте координаталары
Х У
1 1002 102
2 1012 1012
3 12 1012
4 112 10102
5 1002 10102
6 112 1102
7 1012 1102
8 1102 1012+1002
9 1112 10012
10 1102 1102
11 1002*102 1102
12 10002 1012
13 1102 1012
14 1012 102

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Один комментарий

  1. Мейрбек

    Кай жылғысын жане кай каладансын

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.