И-7. Ақпаратты түрлендіру

aidana000Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №194 орта мектебі информатика пәні мұғалімі Ергенова Айдана Көркемқызы

Сабақтың мақсаты:    Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, элект.оқулық. ASCII кестесі, ҚРСТ-1048-2002 стандартты кестесі, ISO-8859-1 кестесі, Морзе әліппесі

 Кіріспе нұсқау

1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі

2-кезең. “Өткен шаққа  саяхат” ойыны (өтілгенді қайталау)

3-кезең. Жаңа тақырыпты  түсіндіру 

ІІ. Ағымдық нұсқау.

4-кезең. “Ойлан тап “  ойыны. (практикалық тапсырма (кодтау))

ІІІ. Қорытынды нұсқау.

5-кезең. “Жаңылмаймын мен”  (сабақты қорытындылау.)

6-кезең. Бағалау.

7-кезең. Үйге тапсырма беру.

 1 кезең Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
  • Сынып тазалығына назар салу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

2 кезең “Өткен шаққа  саяхат” ойыны (Өткен материалдарды қайталау сұрақтары):

                                       *    Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

                                       *    Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

                                       *    Байланыс тілі деп нені айтады?

                                       *    Қандай тілдерді білесің?

                                       *    Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?    

                                       *    Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

3 кезең  Жаңа тақырыпты түсіндіру:

           Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгерту процесін  кодтау  деп атайды.. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты кері кодтау декодтау (декодирование) процесімен тікелей байланысты. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың  кодталуы  кейде  шифрау  депте  айтылады. Екілік  алфабиты 0 және 1  таңбаларымен  ұсынылады. Ақпаратты  екілік  код  пен  көрсету  үшін, құрылғы  екі  күйді айыра  білуі керек, мысалы;  1-құрылғыда  тоқ  бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,0 төмен кернеу. Тек екі түрлі  мәні немесе немесе оған сәйкес код  разряды бар , 0 немесе  1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды  бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын  котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір  байттың  көмегімен  256 символ  кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCІІ коды.   Есептеуіш  техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL  коды – американдық     апарат алмасудың стандарттық коды.     Кодтау кестенің 16 жолы  16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .     Стандартты  бөліктегі – бірінші 128  символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің  әріптерімен компьютер жұмысын  басқаратын арнайы символдар.    Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі  бойынша  кодтауға  болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Бит (ағылшынша: binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылшынша: bit — аздап) – деректер сақталатын орын сыйымдылығының ең кіші өлшем бірлігі. Бүгінгі күні бит — есептеу техникада ақпаратты өлшейтін ең кіші өлшем бірлік. Биттің кванттық компьютерлердегі баламасы q-бит болып табылады. Трит – есептеу техникасындағы ақпарат одан да бетер тығыз өлшем бірлігі. Трит өзі биттен үлкен, бірақ бір үштік разрядтың біреуі екілік разрядтың біреуінен кіші. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

                1 байт = 8бит;

                1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;

                1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;

                1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;

4-кезең. “Ойлан тап”  ойыны. (практикалық тапсырма (кодтау))

1)      65 санын екілік санау жүйесіне аудар.

2) 65 санын ондық санау жүйесіне аудар.

3) 136 санын екілік санау жүйесіне аудар.

4) 136 санын ондық санау жүйесіне аудар.

5) Жазда жасыл қыста ақ жұмбағының 16 лық және 2 лік кодқа аудар.

      16 лық код.Ж-86: Е-А5: Р-Е0.

      2 лік код. Ж-1000-0101: Е-1010-0101: Р-1110-0000

 

5-  кезең «Жаңылмаймын мен» (сабақты қорытындылау сұрақтары)

           Ақпарат сөзіне анықтама бер

  • Сөйлеу, жазу түрінде алынатын ақпарат түрі
  • Таңба түрінде қатынасуды не деп атайды?
  • Қатынас тілінің түрлері
  • Сезім мүшелерінің ақпаратты қабылдауда рөлдері
  • Информатика қандай ғылым?
  • Ақпараттың өңдеу процесіне анықтама бер
  • Адам қабылдайтын ақпарат түрлері
  • Сезім мүшелері арқылы алынатын ақпаратты не деп атайды?
  • Табиғи қатынас тіліне не жатады?
  • Жасанды қатынас тіліне не жатады?
  • Кодтау мен кері кодтау  деген не?
  • Бит, байт деген не?
  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

 Бағалау.

Үйге тапсырма:    Ақпаратты түрлендіру . “Khazakhstan Respublikasinin egemendigine 21 jil” сөйлемін  ASCII кестесінде кодтап келу

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.