Міcrosoft Word мәтіндік редакторы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №194 орта мектеп информатика пәнінің мұғалімі Түлкібаева Ақмарал

Сабақтың мақсаты: Міcrosoft   Word мәтіндік  редакторы бойынша меңгерген білімдерін қайталау  арқылы  білімін жүйелеу, жетілдіре отырып, өз бетінше  еңбектенуге баулу, шығармашылық қабілеттерін  арттыру.  Уақытты  тиімді пайдалануға, өзін – өзі бағалауға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,  шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылықа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:  Компьютер,  интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі:  Практикалық  сабақ
Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ жауап, ойын сабақ.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі.
Сабақтың  барысы: Оқушыларға  сұрақ   қоя  отырып өткен сабақты, үй тапсырмасын  тексеру. Өткен тақырыпты  қайталауға арналған
сұрақтар

1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу
2. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу нені түсіндіреді?
4. WordArt қосымша редакторының  қызметі қандай?
5. Кестені қалай қосамыз?
6. Автофигуралардың қызметі.
7. Microsoft Word мәтіндік редакторында жұмыс аймағы  деген
нені  білдіреді?
8. Мәзір қатарында нелер  орналасқан?
9. Microsoft Word мәтіндік редакторында  жұмыс аяқталған  соң одан  шығу  жолдарын  атап көрсетіңіз.
10. Windows cөзінің  аудармасы.

1 – кезең
«Ауыстырмақ ойыны» (Төмендегі сөз тіркестерін қысқа сөздермен немесе бір ғана сөзбен ауыстыру керек.)  

(сәйкестендіру тесті)

1 Баспа құрылғысы А (монитор)
2 Экран нүктелерін аралағыш Ә (принтер)
3 Компьютер теледидары Б (тышқан)
4 Көп пернелі құрылғы В (пернетақта)
5 Аз батырмалы құрылғы Г (курсор)
6 Дискет «жұтқыш» Ғ (монитор)
7 Көрсеткі әйнек Ж (дискіжетек)
8 Ақпарат жинақтауыш З (колонкалар)
9 Сазгер қорап Д (қатты диск)
10 Жүйені басқарушы е (процессор)

2 кезең.

Шығармашылық кезең.
Сурет бойынша бірнеше сөйлем құрап компьютерде жазу.

3 – кезең

Мәзір көмегімен  Кесте – кесте  қосу командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.

Кесте 5 баған, 2 қатардан тұратын болсын.
Оған өзіңіздің тоқсандық
қорытынды бағаңызды түсіріңіз

Р.с Оқушының аты – жөні алгебра физика информатика
1 Ромадинов Алмат           4    5             5

Деңгейлік  тапсырма

І. Міндетті  деңгей

Сурет салу саймандар  тақтасы арқылы төмендегі кескіндерді  мәтіндік редакторға кірістіру керек

ІІ. Лайықты деңгей

Төмендегі А. Құнанбаевтың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жазып  өлең жолдарының әр қатарын әр түрлі түспен бояймыз

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып  шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.

ІІІ. Жоғары деңгей.

(Түрлі автофигураларды пайдаланып сурет салып, олардың  ішіне мәтін  енгізу.)

Сөзжұмбақ

W

I

N

D

O

W

 S

C

A

P

S

L

O

C

K

E

N

T

E

R

 D

 

E

L

E

T

E

1. Қазіргі  кездегі компьютерде  кең тараған  ОЖ

2. Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт  орналастыратын перне.

3.Енгізу  пернесін растайтын перне.

4. Меңзердің оң жағын өшіретін перне.

V. Қорытынды

Сұраққа  жауап  беру арқылы  сабақты қорытындылаймыз

1 Microsoft Word мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі? А Файл – сақтау – ат беру – сақтау
2 Терезе қандай  элементтерден  тұрады? Ә Файл –  баспаға жіберу.
3 Жаңа мәтіндік құжат құру үшін  не істейміз? Б Файл, Түзету, Түр, Қою, Пішім,  Сервис
4 Мәтінді қалай сақтаймыз? В Мәтін енгізу, сурет салу, кесте кірістіру,   безендіріп жазу, тік және көлденең мәтін енгізу
5 Меңзердің  сол жағындағы  мәтінді өшіру Г Файл – парақ беттері – кітаптық,  альбомдық немесе тігінен, көлденеңінен
6 Меңзердің оң  жағындағы мәтінді өшіруге арналған  батырма Ғ Тақырып жолы,  мәзір жолы,  аспаптар панелі,  пішімдеу панелі,  сызғыш, мәтін енгізілетін терезенің  жұмыс беті
7 Мәзір қатарын ата Ж Мәтіндік редакторды  қайта ашамыз.
8 Құжаттың парақтарын  қалай таңдаймыз? З Қою – Сурет
9 Мәтіндік редакторға  суретті қалай кірістіреміз? Д DELETE
10 Мәтіндік редакторда құжатты   баспаға  қалай шығарамыз? е BASKSPACE

Бағалау

 Үйге  тапсырма:    WORD мәтіндік редакторы

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.