Әліппемен қоштасу-ана тілімен достасу (ертеңгілігі).

Шайдахметова Алуа Жолдасбековна Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көктөбе ауылы. Жамбыл атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Қош сүйікті Әліппем
Мақсаты :
1) Балалар, білім негіздерін бастауыштан алатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі еліміздің болашағы, халық тағдырын иеленетін азамат.
2) Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры жылдам қарқынмен дамып келе жатыр.
3) Тіл арқылы балаға ғылым негіздері үйретіледі.Тілді оқыту,бала алғаш мектепке келген кезден бастап жүргізіледі.

Сабақтың көрнекілігі: Шар, гүл, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қонақтарды қарсы алу

Мұғалім: Құрметті ұстаздар ата-аналар және қонақтар. Міне, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, бүгін міне бой түзеп ойларына ой, саналарына сана қосып өздеріне деген жауапкершілікті сезіне бастады.

Енді біз Әліппе оқулығын аяқтаған мерекелі тойымызға қош келдіңіздер деймін.
Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жолға біз жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі міндеті-оқу мен жазу. Сөйлеу тілін жетілдіру,сөздік қорын байыту,ой-өрісін дамыту, байқағыштығын арттыру, әр дыбысты толықтай меңгерту.

Әріптерге байланысты тақпақтар
«А» Алма,алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай-ау алақай
«А» дыбысын білеміз
«Т» Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
«Т» дыбысын табамыз
Тай –жылқының жасы
Тайлақ түйенің жасы
«П» Бала отыр партада
Оқы,үйрен шаршама
«П» дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа
«Н» Нан-әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар-түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Қазық-берік зат
Азық-тамақ
Нар-бір өркешті түйе
«Ғ» Ғасыр,ғылым ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар
Ғалым-жаңалық ашатын адам
Ғаламшар-аспан әлемі
«Р» Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
«Р»-ды айту қиын-ақ
Кейбіреулер қорқуда
«Л» Лағым менің лағым,
Селтеңдейді құлағың
Босқа жүрмей сенімен
«Л»-дан сөзді құрадым
«У»-дауысты дауыссыз
Айыра білсең қауіпсіз
Уық,уыс сөздерін
Уық-ағаш үйдің бөлшегі
«Ш» Шеңбер жасап тұрайық,
Басымызды бұрайық
«Ш» дыбысын білеміз
Сөзден сөйлем құрайық
«О» Он саусағым ойнасың,
Бояп-бояп қоймасын
Отан,орман сөздерін,
«О» әрпімен ойлайсың,
«Қ»Қауын,қарбыз жинаймыз
Қағазды бос қимаймыз
«Д» Добым-добым домалақ,
Домалатсам жоғалат
Домбырамен күй тартып,
Қой қамадым қоралап
«М» Ақ мақтаны терейік
Мектепке тал егейік
Мерекелі жиында,
Мақал айтып берейік
«Б» Бостан-босқа ойнама,
Бидай толтыр қоймаңа
Бақа,балық ботақан
Тағы сөз тап ойлана
Қойма-астық сақтайтын орын

«С» Сан,сәнді сағатты
Сегіз сері таратты
Сарбаздар мен сақшыға
Сәйгүлікті жаратты
«Ы» Ыдыстарды жуамыз
Жалқауларды қуамыз
Өте жақсы оқуға
Белімізді буамыз
«Ж»Жан-жағыма жантайдым,
Жапырақтай жалпайдым
«Ж» әрпін жаздым жа
Жарға қарай шалқайдым
«Ұ» Ұршықтай зырлаймыз
Ұяны сырлаймыз
Ар-ұят серігім
Ұран сап жырлаймыз
«Ң»Балпаң-балпаң  басайық
Аңдарға жем шашайық
«Ң» дыбысын білмеген
Балалардан қашайық
«Е»Ерлік,еңбек елдікпен,
Егеменді теңдікпен
Емендей мықтымыз,
Біріккен белдікпен
«К» бәрі хормен
Күндей күліп өсеміз,
Көңілді кең көшеміз
«К» дыбысы көп екен,
Кітабымды көрсеңіз
«Ә»Әже,әке әніміз
Әрқашанда сеніміз
Енді білдік әдемі,
«Ә»әрпінің мәнін біз
«И» Ине ұстай аламын
Икемімді табамын
Инеліктей иіліп,
«И» әрпін саламын
«З»Заман,заңғар биікте,
Құзғындарға ілікпе
Қаздар ұшып саз илеп,
Зымырайды биікте
«Ү» Үй мен үйшік жасайық,
Үзеңгіні басайық
Үрлеп үлкен шарларды ,
Үзілісте шашайық
«Үзеңгі» аттың ер тұрманның бір бөлшегі
«Г» Гүлдер,гүлдер көп гүлдер
Өте берсін көп күндер
«Г» дыбысын үйреніп
Гүлге қарап өсіңдер
«Я» қояным,шаяным,
Суретін боядым
Аялап көрмеге
Апарып қоямын
«Ю» Ою,жою,сою,
Тәттілерге тою
Тыю,жою,қию
Әдемілеп жию
Жеке оқушы айтады:
Гүлді білем жайнаған,
Құсты білем сайраған
Құсты білем сайраған
Бар дыбысты білемін
Енді таныс айналам
Біз сүйікті балдырған,
Білім отын жандырған

Хор: «Біз бақытты балдырған»

Жұмбақ шешу:
1)  Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласаң
(мектеп)
2. Ы. Алтынсарин кім? (жазушы)
3. Ойынды жазасың,
Аласың мазасын
Беттері біткен соң,
Қарыз боп қаласың
(дәптер)

Мұғалім: Математика сабағында ата бабаларымыздың балаға сандар құдіретін танытуда басты назар аудара отырып,педагогика-психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануға болады.

Сан бір цифрынан басталады.
Күн-біреу
Ай-біреу
Жер-біреу

Екі санының көрініс:
Әке-шеше,
Ата-әже,
Ұл-қыз,
Күн-түн

Үш цифры:
Әке-шеше баланың үштік одағы,қазақ халықының үш жүздің ұрпағы екендігі,ошақтың үш бұты

Бес цифры:
Бес жаста ер баланы сүндетке отырғызып,өзінің бәсіресіне мінгізіп,үлкен той жсаған.Мұсылман баласы бес мезгіл намаз оқиды.

Ал жеті саны:
Киелі сан. Аптада  жеті  күн,  жеті ата, жеті қазына, жеті жұт,

Қырық саны:
баланы қырқына шығару, бесікке салу. Ханда қырық кісінің ақылы бар. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ деген сөз тағы да бар. Сондай-ақ 1-ші сыныпта санауға үйрету барысында:

1-ші оқушы:
Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп,
Екі дегенім-елім
Далам,тауым келім
Үш-дегенім-үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт

2-ші оқушы:
Алты дегенім-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті дегенім жалау
Жүректегі алау
Сегіз дегенім-сөзің,
Серт беретін кезің
Тоғыз деген-тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім-Отан.
Қорға соны ботам!
Ән. Хор «Есеп сабағы»

Әліппе туралы тақпақтар: Мәтен Аида
Ән Хор «Қоңырау әні»
Әліппемен қоштасу тақпағы

Әліппе саған рақмет
Әріптерді үйреттің,
Тақылдатып сөйлеттің,
Саған көп көп рахмет
Ортаға Қазақ тілі келеді.
Бөбектерім оқы,ойна
Оқу-білім саған пайда
Қазақ тілден сөйлем талдап үйреніп
Молайтып білімінді сан еселеп

Ортаға Ана тілі келеді
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек
Сыр құямын жыр құямын бойыңа
Таза ұстап, оқы мені қастерле,
Бар білімді саған берем әрине

Апта күндері (Саханалау)
Би: «Тырналар» Қыздар тобы
Ертегіден үзінді «Шық бермес Шығайбай»
Ән «Жан гүлім» Мәтен Аида

Ұлдар тобы: Ән «Солдат болам мен ертең»
Өзбек биі: Валихан Әмина
Хор: «Балалық шақ»

Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.