Оқу мен тәрбие егіз (ата-аналар арасындағы жарыс ойыны)

Шайдахметова Алуа Жолдасбековна Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көктөбе ауылы. Жамбыл атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махабатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.

Мақсаты:

1) Оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты,достық-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімді нығайту

2) Ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге,атасынаң баласына деген сенімін ояту

3) Оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершілігін арттыру.

Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат,шаңырақ суреті,талдың суреті, мақал-мәтел,үлестірмелі қағаздар

Сабақтың әдісі: жарыс түрінде

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Екі топқа бөлу

Нақыл сөздер: «Тәрбие-баламен мөйлесумен,әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен,қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болуы керек». «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды. Және бұл отбасы тәрбиенің ең дұрыс жолы. Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас».

Барысы:

Мұғалім: Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз

Баланың бас ұстазы-мұғалім. Ұлтымызда Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршы тірегі. Ал ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейды. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. Бала өмірдің жалғасы,көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлген. Жас ұрпақ біздің келешегіміз. Олар саналы, білімді, тәрбиелі болса келешегіміз де айқын болады. Сондықтан да мұғалімге артылар жүк ауыр.

 

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! «Отан отбасынан басталады демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы жас ұрпақты тәрбиелеп, оны қоғам мүддесінде жарату-кезек күттірмейтін мәселе. Ол үшін ата-ана сіздермен бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтижелі болмақ. Заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді, ал тәрбие  құралы-сөз» деген. «Ұяда не көрсең ұшқанда соңы ілерсің деген» халық даналығын тағы да айтқым келеді. Кішкентай жасынан ана тілінде тәрбие, білім алған сәби өз тілін өле-өлгенше сыйлап өтеді.

1. Бірге ойланайық сайысы: (сұрақтар мен тапсырмалар)

1. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?

2. Бақытты балаңңан ізде деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыздар?

4. Балаға ақылды қалай айту керек?

5. Бала тілді бір айқыннан алмаған жағдайда не істеу керек?

2. Білімдіге жол ашық сайысы (өлеңнің соңғы екі жолы беріледі,алдыңғы екі жолын табу керек.) Бұл қай ақынның өлеңі?

1-топ: Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

2-топ: Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп

1-                   Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар

2-                   Білмеймін тойғаныма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап бие қашқан,тай жарысқан

3. Мақалдың жалғасын тап:

(Әр топ бір-біріне бес мақалжан айтады,екінші топ жалғасын табу керек)

1-топ:1.Жақсының аты өлмейді               2-топ:1.Ас адамның,………………………

………………………………………………               2.Еріншектің ертеңі,………………………

2.Тұз астың дәмін келтірер                       3.Ойлай алмаған,…………………………..

……………………………………………..                4.Оқу инемен,……………………………….

3.Ат басына күн туса                                 5.Оқусыз білім жоқ,………………………

……………………………………………

4.Мектеп кеме,……………………….

5.Өнерлі өрге,………………………..

4.Іс қимыл ойыны (балалар іс-қимылын өз әрекетімен жасырады)

1.Маған ілгегімді тігіп беріп?

2.Мен көйлегімді кірлетіп тастадым,жуып берші,

3.Мен ыдыстарды жуамын,сіз маған балмұздаққа ақша беріңізші?

4.Менің сабақ оқуым керек,сондықтан үй жинаймын.

5.Менің көйлегім үтіктелмеген,соны үтікпен берші

Тренинг ойын (үй жануарларының аттарын жазу керек,егер жылқыны тандаса отбасын бірінші жолға қояды т.б) Жылқы,сиыр,қой,ешкі,түйе

Ардақты да ұғымтал аналарымызға көптеген көп рахымет!

Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана,ұстаз,жақсы құбысының екені сөзсіз.Сондықтан «Бала тәрбиесі-бір өнер,болғанда ауыр өнер.Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Баланы тәрбиелеу үшін  әркімнің өз тәжірбиесі жетпейді.Басқа адамдардың тәжірбиесімен танысу крек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.

«Мейірімділікті анадан,

Әлептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.

Ән: «Сыңғырла қоңырау».

Екі топтың да ата-аналарын да жеңімпаз деп санаймын.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.