9-сынып. Құқық негіздері: «Тәртіптік және әкімшілік, құқықтық жауапкершілік»

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы. М.Тәжин атындағы орта мектеп. Әбдіғалиева Айсана Нағашыбайқызы, тарих, құқық пәні мұғалімі.

Мақсаты:
а/ Оқушылардың құқықтық сана сезімін қалыптастыру заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, білімділік пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру.
ә/ Конституция, т.б. құқықтық  нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
б/ Оқушылардың құқықтық білімін дамыту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Типі: аралас
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, тест, кесте толтыру, ойын.
Көрнекілігі: Слайд, заңдар, кесте, плакат т.б. қажет материалдар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:  Амандасу, оқушылардың назарын аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасы ұяшықтарды таңдау арқылы, «Теңге алу» ойынымен сұралады.

І. «Теңге алу»

1000

Азаматтық құқық бұзушылық дегеніміз не?

1000

Әрекет қабілеттілік дегеніміз не?

2000

Жеке адамның меншігі бола алмайтын обьектілер

2000

Қоғам мүшелерін әрекеттің сипатына қарай қалай бөледі?

3000

Азаматтық құқықтық байланыстың құқықтық субьектісі?

3000

Мәміле дегеніміз не? Мысал  келтір

4000

Кәмілеттік жасқа толмағандар    қабілеттілікке жеткен жоқ деп есептелінеді. Олардың атынан келісімді кім жүргізеді? Және азаматтық қабілеттілігі толық қашан танылады?

4000

Үй А. деген азаматтың меншігінде, бірақ ол құжаттырын жоғалтып алды делік. Мұндай жағдайда меншік иесі өз меншігін қалай таниды?

5000

Жол полициясы қызметкерлері көлікті жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жүргізшіні жауапқа тартса, онда ол ………….

5000

Азаматтық – құқықтық іс қозғау үшін қандай шарттар болуы керек? Құқыққа қарсы әрекет қандай болуы мүмкін?
***
Үй тапсырмасын қорытындылау:

ІІ.“Блиц” сұрақтар

1. Құқық бұзушылық дегеніміз не?
2. Адамгершілік ұстанымдары.
3. Қ.Р. Заңдық күші жоғары
4. Заң қоғамда қандай жағдайларға тыйым салады?
5. Мүліктік емес құндылықтар?
6. Жеке тұлға мен заңды тұлғаның айырмашылығы
7. Толық емес әрекет қабілеттілік қанша жастан?
8. Толық әрекет қабілеттілік қанша жастан?
9. Азаматтық құқықтық қабілеттілікке қай кезден танылады және тоқтатылады?
10.Қ.Р. Азаматтық кодексі қашан қабылданды?

Жаңа сабақ

    Жоспар

  1. 1.     Еңбек және тәртіп жауапкершілігі.
  2. 2.      Әкімшілік – құқықтық жауапкершілік.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.