Тарих 9-сынып. Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы. М.Тәжин атындағы орта мектеп. Әбдіғалиева Айсана Нағашыбайқызы, тарих, құқық пәні мұғалімі.

Мақсаты: 1926-1941 жылдардағы индустрияландырудың пайдасы мен зардабы және Голощекиннің Қазақстанға келуі «Кіші Қазан» идеясы туралы мағлұмат беру.
а/ Тақырыпты түсіндіре отырып, бірінші және екінші бесжылдықтағы жетістіктермен қазақ халқының ерен еңбегі туралы білімдерін толықтыру
ә/ Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып ұлтжанды азамат тәрбиелеу
б/ Ойлау қабілеттері мен тіл мәдениеттерін қалыптастыру

Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, бейне слайд көрінісі, баяндау, пікірлесу т,б.
Көрнекілігі: Слайдтар, тірек сызба, кесте, қажет материалдар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Амандасу, назарларын аудару
Үй тапсырмасын сұрау:

«Жылдар сөйлейді»

  1. 1921жыл, 20-шы наурыз
  2. 1924жыл
  3. 1922-1924жылдар
  4. 1921жыл, қаңтар
  5. 1920 жыл, 26 қаңтар
  6. 1925 жыл

«Ой -танымдық сұрақтар»

  1. Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның жағдайы
  2. Жетісудағы жер-су реформасының ұйымдастырылуы
  3. Жаңа экономикалық саясаттың мәні қандай болды?
  4. Лениннің пікірінше, жаңа эономикалық саясат мәні

***

Жаңа сабақ
Жоспар

І. Қазақстандағы индустриаландыру
ІІ. Голощекин “Кіші Қазан” идеясы
ІІІ. Жаппай қудалау

Ресей аумағының небәрі 3%-ын  алып жатқан орталық өнеркәсіптік ауданда өнеркәсіп өндірісінің 30 %-ы, жұмысшы табының 40% шоғырландырылғын еді.  Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп,әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Елдің халықаралық  деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы  индустриаландыруды  жеделдетуді талап етті.

Капиталистік дұшпандық  қоршауда қалған КСРО –ға тұрақты соғыс қаупі төнді

Алғаш индустрияландыру шаралары

–         Жезқазған,Ұлытау, Байқоңыр аудандарында іздеу- барлау жұмыстары жүргізіле бастады.Нәтижесінде Жезқазған, Қарсақбай, Қияқты, Қорғасын кен орындарын зеріттеу ісі басталды.
–         Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев Теміртаудан ең ірі зауыт салу қажеттігін дәлелдеді.Сонымен қатар Жезқазған мыс кен орны ашылды.
–         1931 жылы Түркісіб теміржол құрылысы аяқталды. Мерзімінен бұрын аяқталуына Т.Рысқұлов түрткі болды.

Сабақтың толы нұсқасынк өшіріп алыңыз.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.