И-7. Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы (тест).

erlantuganb00-150x150Туғанбеков Ержан Жұмағалиұлы. Алматы облысы, Көксу ауданы Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Талапты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау

Білімділік:  Оқушылардың енгізу-шығару, басу құрылғылары, сыртқы жады туралы білімдерін толықтыру және WINDOWS объектілері, терезесі, файлдар және қапшықтар бөлімдері бойынша алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:
1.      Оқушыларды ұйымдастыру .
2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3.      Тесте берілген сұрақтарға жауап беру
4.      Тест сұрақтарын талдау

5.      Үйге тапсырма беру
Тест сұрақтары:

1. «Информатика» пәні нені зерттейтін ғылым?
А) ақпараттар жиынтығын           Ә) мәліметтерді тасымалдауды
Б) ЭЕМ-нің көмегімен таңбалар мен сигналдарды сақтау заңдылықтарын
В) ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын

2. Ақпараттың өлшем бірлігі
А) бид, байт             Ә) код, бит              Б) бит, байт        В) код, бит

3. «Бит» сөзі қандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?
А) ағылшын тіліндегі Binary digit        Ә) Латын тіліндегі Binary digit
Б) ағылшын тіліндегі Binry dijit

4. Байт дегеніміз не?
А) 10 биттен тұратын код                    Ә) 8 биттен тұратын код
Б) 18 биттен тұратын код                    В) 8 бірліктен тұратын ақпарат

5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал …
А) компьютер         Ә) модем                Б) сканер            В) принтер

6. 1Кбайтта қанша байт бар?
А) 1000 байт           Ә) 1024 бит            Б) 100 байт         В) 1024 байт

7. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?
А) 1823,МИНСК     Ә) 1946, ЭНИАК   Б) 1951, IBM     В) 1949,ЭНИАК

8. Қай сөйлем дұрыс?
А) Пернетақта – енгізу құрылғысы           Ә) Пернетақта – шығару құрылғысы
Б) Монитор –  енгізу құрылғысы             В) Принтер – енгізу құрылғысы

9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы –
А) сканер                   Ә) плоттер                 Б) процессор             В) CD-ROM

10.  Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы –
А) принтер                Ә) дискенгізгіш                     Б) процессор                 В) CD-ROM

11. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз …
А) Монитор, принтер          Ә) Монитор, тышқан
Б) Процессор, принтер        В) Принтер, сканер

12. Бағдарламалау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді?
А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі
Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы
Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер

13. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі …
А) интерфейс          Ә) операциялық жүйе          Б) драйвер

14. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі …
А) драйвер              Ә) операциялық жүйе           Б) интерфейс

15. Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?
А) жүйелік, арнайы      Ә) әмбебап, арнайы        Б) әмбебап, жүйелік

16. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?
А) аты, түрі                 Ә) аты, типі              Б) типі, жазылуы

17. Файлдың типі неше символдан тұрады?
А) 4                 Ә) 5              Б) 3                   В) 156

18. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?
А) процессор, қатқыл диск, CD-ROM, дискжетек
Ә) процессор, жады, электронды түтікше                  Б) дискжетек, процесссор, пернетақта

19. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?
А) тұрақты, уақытша жадтайтын құрылғы            Ә) жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы
Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы

20. Принтердің қандай түрлері бар?
А) лазерлік, инелік, сиялық           Ә) матрицалық, инелік, сия бүрккіш
Б) матрицалық, лазерлік, сия бүрккіш

21. Дискілердің қандай түрлері бар?
А) иілгіш, қатты, жұмсақ          Ә) иілгіш, қатты, компакт        Б) қатты, иілгіш, терте

22. WINDOWS дегеніміз не?
А) программалық қабықша             Ә) операциялық жүй
Б) мәтіндік редактор                В) графиктік редактор

23. Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы …
А) Терезе       Ә) Шартбелгі                        Б)  Жұмыс үстелі      В) Бума

24. Жұмыс үстелі дегеніміз не?
А) компьютерді іске қосатын программалық қабықша
Ә) компьютер толық іске қосылғаннан кейін пайда болатын экран беті
Б) мәтіндік редакторды іске қосатын бағдарлама
В) графиктік редакторды іске қосатын бағдарлама

25. Себет (Корзина) ол …
А) Файлдарды уақытша сақтауға арналған қапшық
Ә) жойылған объектілерді уақытша сақтауға арналған қапшық
Б) жаңа файлдарды тұрақты сақтауға арналған қапшық
В) архивтік объектілерді сақтауға арналған қапшық

26.    батырмасының қызметі …
А) терезені кішірейту       Ә) терезені жабу     Б) терезені ашу        В) терезені жинау

27.   батырмасының қызметі …
А) терезені үлкейту     Ә) терезені жабу     Б) терезені ашу        В) терезені жинау

28.    батырмасының қызметі …
А) терезені кішірейту       Ә) терезені жабу     Б) терезені ашу        В) терезені жинау

29. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай орындалады?
А) Қосымша меню – Создать – Папку
Ә) Қосымша меню – Открыть – Папку
Б) Негізгі меню – Создать – Папку

30. Жұмыс столындағы қажет емес обьектілерді өшіру әрекеті қалай орындалады?
А) Өшіретін обьектіні белгілеу – Негізгі меню – Удалить
Ә) Өшіретін обьектіні белгілеу – Қосымша меню – Отправить – Корзину
Б) Өшірілетін обьектіні белгілеу – Қосымша меню – Удалить

Жауап парағы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
в б а ә а в ә а в ә а а ә б ә ә б а ә б ә ә а ә ә ә а в а Б

Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталау, 2-3 бөлімдерді оқу

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.