Математика-3. Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

Ақтөбе облысы Темір аданы №6 Шұбарқұдық негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі  Бердеева Айнагүл Сайлаубайқызы

Сабақтың тақырыбы: 
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Мысалдарды, есептерді, теңдеулерді шешудегі есептеу дағдыларын бекіту; ойлауын, жадын, ұғымталдығын дамыту;
3.Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Ұжым қалыптастыру, оқушыларды бірін-бірі түсіне білуге, қамқор болуға, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабақ, топтармен жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қызығушылықты ояту, ойын, көрнекілік, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: фирма аттары жазылған қағаздар, карточкалар, суреттер (машина, тікұшақ т.б.).

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі».
–         Көңіл –күйлеріңіз қалай?
–         Керемет! (Қолдарын көтереді)
–         Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
–         Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
–         Ынтаңыз ше?
–         Ғажап!  ( Қолдарын көтереді.)
–         Ендеше бастайық!

–         Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз- жай сабақ емес.Бүгін біз өмір талабына сай құрылған фирмалармен жұмыс істейміз. Біз бір ірі проблемалар шеше қоймаспыз, бірақ еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Көптеген қазақстандықтар шағын бизнесті дамытып, ел экономикасын көтеру мақсатында еңбек етіп жатыр.Біз қазір үш топқа бөлініп алайық, 1-қатар «Әділ», 2- қатар «Арай», 3- қатар «Алтын» фирмасы болсын.Әр фирманың президентін сайлаймын Мен барлықтарыңның үстілеріңнен қарайтын директормын.(Әр фирманың өз аттары жазылған қағаздар ілінеді). Қазір әр фирмаға іс-қағаздары таратылады.Фирманың болашағы осы тапсырманы орындауға байланысты болмақ.Фирма үшін есеп- ең басты сала.Әр есепті дұрыс шығарған сайын фирманың қорын толтырып отырасыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1.     №9 Әр фирмадан 1 оқушыға оқыту.

ІІІ. «Қайырымдылық» акциясы.
Балаға велосипед  алуға көмектесу. «Алтын балық» ойыны.

ІV. Сәйкестендіру тесті.
Көбейтудің қасиеттерін еске түсіру.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті            (а+в) * с= а*с+в*с
Көбейтудің терімділік  қасиеті               а*в = в*а
Көбейтудің үлестірімділік  қасиеті           (а*в) *с =(а*с)*в

V. Жаңа сабақ.

1)    Мұғалімнің түсіндірмесі. №1.
Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік қасиеттерін қолдану.

9*17=17*9=(10+7)*9=10*9+7*9=153
6*13=13*6=(10+3)*6=10*6+3*6=78
8*14=14*8=(10+4)*8=10*8+4*8=112

2)    №2. Өзіндік жұмыс.  Әр фирма 1-1 бағаннан шығару.
3)    №4. Аукцион. Велосипед сатылады. 3 фирмадан 1-1- ден оқушы шығады. Бірінші болған фирма велосипедті алады.
4)    №6. Аукцион. Машина сатылады.  Топтық жұмыс Кестені бірінші толтырған фирма машинаны алады.

Тік төртбұрыштың ауданы 24 см2
Ұзындығы 8 6 24
Ені 4 2

 

5)    №11. Аукцион. Ұшақ сатылады. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Бірінші орындаған фирма ұшақты алады.

«Әділ» фирмасына: 13*5+       33*2
28*2        19*3-

«Арай» фирмасына: 44*2        27*3-
16*3          *15

«Алтын» фирмасына:   42*2-35*0  31*3 –
37*2+16     27*
Сергіту сәті. «Қимылымды қайтала» музыкалық үзіліс.

6)    №7 «Әділ» фирмасы шығарады:
«Баян сұлу» – әрқ.18 кг-нан 6(қ)   ? көп
«Рахат» – әрқ.16 кг- нан 3(қ)
Шешуі: 18*6=108кг        16*3=48кг           108-48=60кг

Жауабы: «Баян сұлу» кәмпиттері 60 кг көп.

7)    №8 «Арай» фирмасы шығарады.

Қаттама тоқаш – әрқ.24(т)- тан 10 (қ)            ?артық
Крем жағылған тоқаш – әрқ. 8(т) –тан 3(қ)
Шешуі: 24*10 – 8*3= 216

Жауабы: 216 қаттама тоқаш артық.

8)    №9 «Алтын» фирмасы шығарады:
Жетіден бір бөлігі – 12
Барлығы  – ?
Шешуі: 12*7=84

Жауабы: барлық тоқаш түрі 84.

9)    №10. Қалдықпен бөлуді тексеру. Әр фирмадан 1 оқушыдан шығу.
10)   Логикалық тапсырмалар. Әр топқа жеке – жеке беріледі.

«Әділ» фирмасына: «Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?» Жауабы: 3 қаз
«Арай» фирмасына: « Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?» Жауабы: Жоқ, өйткені 24 сағаттан кейін түнгі 10 болады.
«Алтын» фирмасына: « Немере атасынан : “Жасың нешеде ? “деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?» Жауабы: Атасы 66 жаста.

VІ. Сабақты бекіту.

№12. Жеке жұмыс. Әр оқушы 1-1- ден орындайды. Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

VIII. Бағалау.
-Бүгін біз аз жұмыс істеген жоқпыз.Енді президенттер өз қызметкерлерін бағалауы қажет.(Президенттер топ мүшелерін бағалайды, мұғалім ,яғни директор қорытынды баға қояды. Әр фирманың жинаған қоры есептеледі).

IX. Үйге тапсырма беру.
№3,№5 есептер 178 бет.( Түсіндіріліп беріледі.)

X .Қорытынды.
–    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
–    Осымен сабағымыз аяқталды.
–    Сау болыңдар!

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.