Біз Жеңістің ұрпақтарымыз!

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі Бейсекеева Ж.М.

Ашық тәрбие сағатының жоспары:
Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б. слайд.
Өтілу барысы: сайыс түрінде.

Тәрбие сағатының өту барысы:
І. Кіріспе бөлім.

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар.
Ұлы Отан соғысының өту барысы жайында әңгімелеп беру.(толық мағлұмат беру)
Слайд түрінде көрсету.

ІІ. Негізгі бөлім.
(Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайында не біледі білімдерін тексеру)
Оқушыларды 2 топқа бөлу.

  1. Таныстыру.
  2. Сұрақ – жауап (әр топ 5 сұраққа жауап береді).
  3. Мақал – мәтел сайысы (үйден дайындап келген мақал мәтелдерін айту «Отан», «Туған жер» туралы .10 –  нан кем емес болуы шарт).
  4. Қызықты тапсырмалар ( суреттерді құрау).
  5. Көрініс көрсету (соғыс жайлы болуы керек). Ән айту (екі топқа екі ән)

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сайыстың қорытындысын шығарып, марапаттау.
Үйге берілген тапсырма бойынша шығарып келген өлең шумақтарымен аяқтау.

І. Кіріспе.
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 68- көктемі де келіп жетті.
68 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
68 жыл – шуақты күн таратты әнін.
68 рет – көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді.

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́ағылш. Great Patriotic Warнем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтердесоғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

1-ші бөлім. Таныстыру.

Әр топ өзін таныстырады.

2- ші бөлім.

1-топқа сұрақ.

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қыздарын ата?
  2. Ұлы отан соғысы кімдерге қарсы болды?
  3. Соғыс кезіндегі қазақтан шыққан ұшқыш?
  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ?
  5. Ұлы Отан соғысының батырларын атаңдар?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Гульбарам

    Добрый день!
    Бейсекеева ЖН вы случайно не с Аркалыка?

  2. Гульбарам

    Добрый день!
    Бейсекеева ЖН вы случайно не с Аркалыка?

  3. Да.А вы кто?

  4. Да.А вы кто?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.