WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру.

Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелілік:  жеке  жұмыс  жасауға, жауапкершілікті  сезіне  білуге,  нәтижеге  жетуге ұмтылуға,  өзінше  ізденімпаздыққа, еңбек етуге  және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика  ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде  қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының  үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп  орындауына жағдай жасау арқылы оның  қабілетіне сәйкес жеке  құзырлылығын  дамыту.
Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар:  компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:

  1. 1.      Ұйымдастыру кезеңі:
  2. 2.      Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3.      Жаңа  сабақ.
  4. 4.     Білімділік сатысы.
  5. 5.     Түсіну сатысы
  6. 6.     Қолдану сатысы
  7. 7.     Жинақтау сатысы
  8. 8.     Бағалау.
  9. 9.     Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру       

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. 1.      Кесте дегенміз не?
  2. 2.      MS Word –та кесте құру жолдарын ата?
  3. 3.      MS Word –та кестеге жолдар/бағандар  қосу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
  4. 4.      MS Word –та кестелерді жиектеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
  5. 5.      MS Word –та кестедегі ұяшықтарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
  6. 6.      MS Word –та кестедегі жолдар/бағандарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
  7. 7.      Ұяшықтарды біріктіру, бөлу  үшін қандай командаларды орындаймыз?

 Ой қозғау

 Қорытындылау.

Осы жерде бізге түсініксіз болып тұрғаны– сурет пен фигуралар.  Ендеше бүгінгі сабақта сол сурет пен фигураларды қалай қоятынымыз  туралы айтатын боламыз.

Жаңа сабақ

Назар аударатынымыз

  1. Мәтінге сурет қою;
  2. Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары;
  3. Фигуралық мәтін кірістіру;
  4. WORDART аспаптар панелі.
  5. Құжатқа Автофигураларды үстемелеу;
  6. Сурет салу тақтасы.

Білімділік сатысы.

Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру

а)  Жаңа ұғымдар: мәтінге сурет, мәтіндік фигура енгізу

ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру  

Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа  графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта  тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.

Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға  немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.

Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:

  1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.

Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.