MOODLE-технологиясын оқу

Мұсатаева Үміткүл Қуандыққызы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үлкен орта мектебінің математика- информатика пәні  мұғалімі

Казақстан Республикасының 12-жылдық білім беру туралы қабылданған концепциясында кәсіптік бағдарламаға көшу мақсаты қойылған, соның бірі жоғарғы сынып оқушыларының жеке басында практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, шығармашылық ізденісін дамыту.

«Интернетке мектептерді қосу» әлемдік индексінің көрсеткіші бойынша Қазақстанның басекеге қабілеттілігі 2007 жылы 50 орыннан 2008 жылы 54 орынға түсіп қалуымен нашар көрсеткішке ие болды. Ақпараттық сферадағы орта білім беру мекемелерінің қазіргі материалдық-техникалық базалық жағдайын электронды оқыту жүйесіне өтуге дайын деп айтуға болмайды. Сонымен қатар, республикада оқытушылардың компьютерді игеруі бойынша есеп жүргізілмейді. Осыдан қазіргі норма, яғни оқытушыларға арналған компьютерлік жұмыс орнының саны (1 жұмыс орнына 4 оқытушы) ескі болып табылады, себебі қазіргі заманғы мектептерде әрбір оқытушыға компьютер қажет

>• Электронды оқыту жүйесінің мақсаты -интеллектуалды ұлт және білімге негізделген экономика жасау, қала мен ауыл білім деңгейін теңестіру.
• «Электронды оқыту» (Electronic Learning немесе қысқаша E-Learning)  термині Солтүстік Америка мен Батыс Европа елдерінде  соңғы жылдары жеткілікті кең қолданыс табуда.
• Ол білім беру жүйесінде ақпараттық  және қатынастық технологияларды (АҚТ)  пайдалану саласындағы мультимедиа, web-технология негізінде оқыту, онлайн-оқыту және т.б. сол сияқты бірқатар терминологиялық түсініктерді біріктіреді.

LMS-(Learning Management System) қазіргі заманғы білім берудің әлемдік тәжірибесінде электронды оқыту оның ажырамас бөлігі болып табылады. Электронды оқытуды таратуда Қазақстан бұл облыстағы әлемдік көшбасшылардан (АҚШ, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) бірнеше жылға артта қалған. Бұл елдердің  құрған білім модельдері, стратегиялық мақсатқа жетуге жұмыс жасауда. Ол мақсат- мемлекеттің басекеге қабілеттілігін көтеру.

•«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ Интернет-сайтында қашықтықтан оқытудың Moodle (www.moodle.nci.kz) ашық жүйесі орналасқан. Бұл жүйенің   толық функционалды модульді ортасы LMS (Learning Management System) бар және білім берудегі технологиялар үшін халықаралық стандарттар жағынан стандартталған. Дегенмен, білім беру ұйымдары мен пайдаланушылардың  Интернетке қатынастың  жеткіліксіздігіне  байланысты  ол жүйе Қазақстанда кең қолданыс таппай отыр. Moodle (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment)–қашықтықтан оқыту ортасы, ол сапалы қашықтықтан оқыту курстарын құру үшін арналған. Бұл өнімді әлемнің 100-ден астам мемлекеттерінде университеттер, мектептер, компаниялар және дербес оқытушылар пайдаланады.

Баяндаманың презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. «Электронды оқыту» (Electronic Learning немесе қысқаша E-Learning) қазіргі заман талабы, Moodle (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment)–қашықтықтан оқыту технологиясын барлық сабақтарда пайдалануға болады,баяндама мазмұны кең, ауқымды.Апайымызға үлкен рақмет!

  2. «Электронды оқыту» (Electronic Learning немесе қысқаша E-Learning) қазіргі заман талабы, Moodle (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment)–қашықтықтан оқыту технологиясын барлық сабақтарда пайдалануға болады,баяндама мазмұны кең, ауқымды.Апайымызға үлкен рақмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.