ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

АТАМАНОВА БАҚЫТЖАН ЖАНБЫРБАЙҚЫЗЫ Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат Кешенінің математика және информатика пәнінің мұғалімі.

Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика, информатика пәндері басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға, бір тапсырманың бірнеше шешімін табуға жетелеймін. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән беремін.
Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі.
Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек.
Мектептегі оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда математика курсының алатын орны ерекше. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады.
Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беремін. Оқушылар арасында математика саласындағы шығармашылық сайыстарын ұйымдастырып, практикалық жұмыстарға қатысу, пән бойынша олимпиадаларға, Online олимпиадаларға, әртүрлі конкурстарға қатыстырамын.
Дарынды оқушыларды шығармашылыққа дайындаудың негізгі мақсаты: шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылық ойлау, танымдық қабілетін дамыту болып табылады.
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың өз бетімен ізденуіне жəне өз бетімен ізденуіне және өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.
Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлғаны қарым-қатынас арқылы дамыту ғана емес, математиканы компьютерлік технологиясымен сәйкестендіре отырып, келешекте өз өмірлерін өнермен байланыстыра білген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу ең басты фактор болып табылады.
Қорыта айтқанда, мұғалім – оқушының жеке тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.