И-9 сынып. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу.

Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия,

Мақсаты:
Символдық айнымалылармен жұмыс істеу, функцияларды пайдалану,    шамамен орындалатын амалдармен таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру.

Символдық шама дегеніміз- сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық шаманы- char түйінді сөзімен сипаттаймыз.

Мәтіндік ақпаратты енгізу:

Паскаль тілдінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады.  Оның типін көрсету үшін  string  түйінді сөзі қолданылады.

Тіркестік өрнек деп- амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар және функция атауларынан құралған ұзындығы 256 символдан  артпайтын тізбекті айтады.  Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру амалы “+” белгісімен белгіленеді.

Мыс: Тіркестік өрнек:  ‘Ал’+’ма’+’ты’;     Нәтиже: ‘Алматы’
Салыстыру амалдары:

Олар: =,<,>,>=,<= белгілерімен белгіленеді.

Сөз тіркестерін салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама (True немесе False)  болады.

Мыс: ‘program’ <‘PROGRAM’      – TRUE
‘BBB’ <‘BB’      – false

Функциялар
Символдық шаманы- char қызметші сөзімен, символдар тізбегін –string қызметші сөзімен сипатталады.

Мыс:   А: =‘X’  – char            В:=‘ЭЕМ’  -string
1. Жолдың ұзындығын есептеу үшін LENGTH функциясы  қолданылады.         Жазылу  форматы:
X:= LENGTH (A);

2. Жолдың фрагменттерін ойып алу үшін –  COPY  функциясы  қолданылады.           Жазылу  форматы:
COPY(A,N,M)

3.  Фрагменттерді  біріктіру үшін –CONCAT   функциясы  қолданылады.           Жазылу  форматы:
CONCAT (X,A)

4. Жолдың  ішінде тұрған бір фрагменттің орнын  анықтау үшін –POS   функциясы  қолданылады.     Жазылу  форматы:
POS (X,A);

5.  Insert(S1,S2,N)-S1 жолын S2 жолының N  орнынан бастап енгізу
Символдық шаманы- char қызметші сөзімен сипаттайды.

Латын альфавитінің  әріптерін экран бетіне шығару  бағдарламасын құру.

nprogram e1;
var   I: char;
begin
for  I:=‘A’  to  ‘z’  do
  writeln(I);
end.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.