Психолог. Мейірімді-жүрек, жылы тілек.

Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы педагог-психологы М.Тұрсынғазы 

Мақсаты:
1.Ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, ұжымға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру.
Түрі: психологиялық тренинг
Әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, слайд, , жүрекше, шар.

1.«Жаңа ғасыр-адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы-мектеп» Н.Ә.Назарбаев
2. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар,
Жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар.

Жүру барысы: Құрметті ұстаздар! Мен сіздерді жақсы күйде көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізгелі отырған психологиялық тренингтің тақырыбы  «Мейірімді – жүрек, жылы тілек».

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері
Біріміз – бәріміз үшін,
Бәріміз – біріміз үшін. (2-рет қайталау)

1. «Қадір – қасиет» жаттығуы

Жаттығу  танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.

Мысалы:
төзімді  Салтанат,
қайырымды Айгүл,
ибалы Дина,
сыпайы Динара.

2. «Қара күйе көбелегін аулау» жаттығуы.

Қазір сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз. Әрқайсыларыңыз  осы жаман қасиеттерді жоюларыңыз  керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр. Оны қалай өлтіру керек екендігін көрсетемін. Сіздер қайталайсыздар.

Өтірік айту-ауада.
Мақтаншақтық-көршіңіздің иығында.
Күйзеліс-жүректеріңізде.
Қатыгездік-бауырларыңызда.
Ашу-ыза –ауыздарыңызда.
Жалқаулық-желкелеріңізде.
Дау-жанжал-бастарыңызда
Өсек-құлақтарыңызда.
Қиянаттылық -алақанымызда .
Еріншектік-тізелеріңізде.
Зорлық-алақандарыңызда.

3.Ашулы шарлар жаттығуы.

Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа –  адм сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
–          Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шыңару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
–          Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады,. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

4.«Адамгершілік ағашы» жаттығуы

Қатысушыларға  қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.

5.«Қарым-қатынас торы » жаттығуы

Мұғалімдерге  егер мектебіңіз үшін, алдарыңызда отырған оқушылар үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, еңбегіңіздің жанғанын қаласаңыз, мына лента арқылы қарым-қатынас торын құрамыз. Ол үшін әрбір қатысушы «Біз ұйымшыл ұжымбыз!», «Біз көпшілміз!» т.б ұрандарды айта отырып,қарым-қатынас торын құру керек.

6.«Тілек шамы» жаттығуы.

Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Қорытынды:

Қымбатты ұстаздар! Сыйласымды қарым-қатынасымыз бұзылмасын, алдарыңызда отырған оқушыларға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз. РАХМЕТ!!!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.