9 класс. Аңыз болған «Құлагер».

Байрахметова Гулжан Раимовна, М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ информатика пәні мұғалімі

Кіріктірілген сабақ (қазақ әдебиеті, тарих, информатика).  Кембриж тәсілі.  Шығармашылық зерттеу негіздері.

Күні      28.01.2013ж
Сабақтың тақырыбы Аңыз болған «Құлагер»
Сілтеме Жоспар
Мақсаттары Шығарманың мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, Құлагер туралы мағлұмат бере отырып, жылқы малының қазақ өміріне деген маңыздылығын таныту;Шығарманың идеясы арқылы ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, өзара сыйластық пен татулыққа, өзгенің өнерін, жетістігін бағалай білуге тәрбиелеу;

Оқушылардың сөз байлығын, тіл мәдениетін, кең ойлау жүйесін қалыптастыру;

Оқыту нәтижесі -дыбыстық редактормен жұмыс жасау тәртібін білу-Windows стандартты программасын қолданып сөздер мен әуендерді жазуды орындау

-Movie Moker  бағдарламасымен жұмыс, фильм үзінділерімен жұмыс

Түйінді идеялар 1) Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту,  өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.2) Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

3) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға  ықпал етеді.

4) Есептеулер стратегиясы туралы сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.

Уақыты Стратегиялар Ресурсы

Сабақтың  мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Топқа бөлу Фильм кейпкерлері бойынша үш топқа бөлінеді

Сыни ойлау

Интернет, әдеби –тарихи кітаптар Фильмнен үзінді көрсетуҮзінді бойынша тапсырма

1. Жылқыға байланысты философиялық

ырым-жоралғылар

2. Ас беру дәстүрінің XVIII-XIX ғ.ғ. әлеуметтік-саяси ролі

3. Жылқы малының қазақ

Тарихындағы орны

1.Жылқыға байланысты философиялық ырым-жоралғылар туралы мәліметтерді тауып, ортаға салады.2. Дөңгелек үстел. Ас беру дәстүрін қазіргі заман тұрғысынан талқылау.

3. Төрт түлік малдың ішіндегі киелісі; жылқысын сойып бірге көму; бесшатыр, берел, есік, тасмола мәдениеттері туралы мәлімет

Диалог Кино Кинодан үзінді көрсету

  1. Аттың сыны
  2. Ақанның шарты
  3. Құлагерге қастандық
Кино сюжетін талдау, пікірталас

Шығармашылық жұмыс

Ноутбук

1 топ. Әулие сөзі2 топ. Алты Алашқа аңыз болған –Ақан сері

3 топ. Жарнама

1 топ. Дыбыссыз үзіндіге оқушы өз сөзін қойып,  дубляж жасайды (Movie Moker бағдарламасы, Фонограф бағдарламасы)2 топ. Power Point бағдарламасында слайд жасау

3 топ. Фильм үзінділерін пайдаланып жарнама жасау (Movie Moker бағдарламасы, Фонограф бағдарламасы)

Бағалау

Тапсырманы бағалауға критерий құру  Критерий бойынша топ бірін-бірі бағалайды
Үйге тапсырма «Қазақ фильмдері – ұлт құндылығы»Эссе

 Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.