ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕЛЕРДІ МЕҢГЕРТУ

Куникина Б.М. Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Ақпараттық технология және экономика факультеті, магистратура 1-курс

Ғылыми жетекшісі: Жексенаев А.Ғ.

Қазіргі таңда информатиканың көкейкесті бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.

Шығыс философиясы тұжырымдағандай адам өмірі тек бүгіннен ертеңге қадам жасамай, кей мағынада алғанда ол ертеңнен бүгінге де қарай қарау болады екен. Бүгінде ғылымның дамуы осы тұжырымның орындылығын біртіндеп нақтылап келеді. Біздің зерттеу пәнімізге байланысты адамның ойлау қабілетін модельдейтін және соған байланысты есептерді шешетін жасанды құралды табу идеясы ерте заманнан ғалымдарды ойландырған мәселе. Ол туралы алғаш рет Р.Луллий ХІV ғасырда түсініктердің жалпы классификациясы негізінде есептерді шешетін машина құрастыруды ойлаған. Орта ғасырлық жазулардың өзінде-ақ сөйлеуге, тіпті қозғалуға қабілетті аутоматтар туралы қиял туындылар кездеседі. Орта ғасырда және одан кейінгі біршама уақытта табиғатты сезіне алатын гомункулдар (кішкене жасанды адам) туралы айтылған. Өндiрiстiң салаларын механикаландыру, автоматтандыру, кибернетикалық құбылыстарды, компьютерлер мен роботтарды қолдану еңбек мазмұнындағы функционалдық өзгерiстердi туғызды, яғни қол еңбегi азайып, оның орнына ой еңбегiнiң үлесi көбейдi, ал техниканың соңғы буындары ой еңбегiнiң бөлiктерiн де өзi атқаруда. Бiрақ бұдан «өндiрiсте адам еңбегi мүлдем жойылады» – деген ұғым тумауы керек, алайда ғылыми-техникалық даму барысында еңбек функциясының өзi түрленiп отырады. Осылайша қоғам дамуы тудырған талаптарға сай үзіліссіз дамып келе жатқан интеллектуалды техникаларды меңгеру әрине жоғары оқу орындарында мамандар даярлаумен тығыз байланысты.

Тарихи даму жолы бар жасанды интеллект бөлімдері бүгінде бірнеше бағыттарға бөлінеді: теоремаларды дәлелдеу, бұл бөлім математикалық аумақтармен шектеседі; роботтық техниканың проблемаларын шешу; ойындар моделі, шахматқа көп көңіл бөлінеді; образдарды тану, көру немесе есту қасиеттеріне, медициналық диагностикаға, ауа райын болжауға, т.б. байланысты; табиғи тілді қолдану, сұрақ-жауап жүйесіне және аутоматтандырылған аударма жүйесіне көңіл бөлінеді; эксперттік жүйелер, эксперт-адамның біліміне және компьютердің құрылымына сүйенген жүйе; білімнің инженериясы, білімді көрсете білу, оны қолданушыға түсінікті жеткізе білу және оны кеңейту аумағы.

Интеллектуалды жүйелер және оның бағыттарының бірі эксперттік жүйелердің жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытылуы – мақсаты қалыптасқан күрделі есептерді автоматтандыру  саласында мамандар даярлау болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдар ортасында есептерді шығару үшін білімді көрсетудің әртүрлі әдістерін қолданатын алғашқы қолданбалы интеллектуалды жүйелер – эксперттік жүйелер шыға бастады. Алғашқы эксперттік жүйелердің бірі Станфорд университетінде құрылған, спектралдық анализ негізінде химиялық қоспалардың формулаларын туындатуға арналған DENDRAL болды. Қазіргі уақытта эксперттік жүйелер құру және жүзеге асыру өз алдына сала болып отыр. Интеллектуалды жүйелер ол мәліметтер мен білімнің негізінде мақсатты талдай алатын, әрекет жайлы шешім шығара алатын, мақсатқа қол жеткізу үшін тиімді әдістер таба алатын, адам немесе автономмен біріге жұмыс атқаратын ақпараттық процессордың техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығымен бірігуі.

Жасанды интеллект технологияларымен жұмыс iстеу, тек алгоритмдiк процедурамен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар ЭЕМ мен студенттiң коммуникативтiк байланысын, студенттiң өзiн-өзi басқару белсендiлiгi мен жауапкершiлiгiн дамытуға ықпал ете отырып, оның интеллектуалдылық дәрежесінің қалыптасу процесiне әсер етеді. Оқу процесімен қатар, өндірістің бар салаларында кең қолданыс тапқан бұл жүйе әлі де зерттеулерді, тәжірибе жасап, оларды қоғамда тереңдеп енгізуді талап ететіні анық.

Интеллектуалды жүйелердің адам қызметiнде кеңiнен қолданылуы педагогика ғылымында да «кәсiби бағыттылық мәнiнiң» кешендi анықтамасына педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарап, оның ақпараттық мәнiн қарастырады. Оқытудың дәстүрлi принциптерi мен заңдылықтарын қазiргi нақты талаптар, мүмкiндiктер мен жағдайларға оңтайландыра және шығармашылықпен қолдану арқылы негiздей отырып, кәсiби даярлығы жоғары, нарықтық қатынас жағдайында еңбек етуге қабiлеттi, қоғамда маңызды интеллектуалды мәдени позицияда тұратын мамандарды даярлау жоғары мектеп алдындағы көкейкестi мәселе. Осы орайда интеллектуалды жүйелер бойынша жоғары оқу орнында даярлау мәселесі ерекше мәнге ие болады.

Компьютерлік жүйелерді  бағдарламалауда жасанды интеллект әдістері жиі қолданылып келеді. Жасанды интеллектіні іске қосу адам интеллектісінің айтарлықтай жеңісі деп саналады. Интеллектуалды бағдарламалар құру қарапайым бағдарламалар жазылуынан айтарлықтай ерекшеленіп, жасанды интеллект жүйелерін құру жолымен жүзеге асырылады. Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі айырмашылық белгісі – біліммен жұмыс істеу болып табылады. Егер өзге бағдарламалар үшін алгоритмнің берілгендерін сипаттау бағдарламалау тілі деңгейінде шешілсе, жасанды интеллект жүйелері үшін біліммен жұмыс жасау кешенді мәселелерге әкеледі: қандай білім қолданылады, жүйеде база түрінде қандай білімдер сақталған, оларды қалай қолдану керек, қалай толықтыру керек, т.б. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллект және оның салалары бойынша мамандықтар ашу немесе пән ретінде жетілдірілген түрде оқыту елдің өнеркәсібін,  ақпараттандыру саласын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

Кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi даярланған мамандар қашанда сұранысқа ие болады. Осы орайда жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру мәселелері туындайды. Кейінгі кезде жиі айтылып жүрген жасанды интеллект адам миымен бәсекелесетін, не одан да асып түсетін ойлауыш машинамен байланыстырылады. Интеллект – әр жеке адамның ақыл ой болмысының тұрақты көрінісін бейнелейтін, яғни сол жеке адамның ми қызметінің үнемі жоғары дәрежеде болып, не нәрсені шешуде ақылдық асқан шеберлікпен үстемдік етуі.

Қоғамның барлық салаларында ақпараттық технологиялардың тереңінен енгізілуі қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып келе жатқан интеллектуалды жүйелер бойынша кәсіби мамандардың жоғары даярлығы болуының маңыздылығын көрсетіп отыр. Сол себепті жоғары білім беруге қойылатын талаптарға жоғары білім беруде интеллектуалдық жүйелерді қолдана отырып жүйені меңгертуге ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.