Математикалық тарихи дөңгелек (кеш).

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі  САМАРХАН ГҮЛЖАЗИРА

/Толық нұсқасын көшіріп алыңыз!пікір қалдырыңыз/

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін тексеру, сапасын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Зал әдемі газет, фигуралармен безендірілген. Орындықтар үш қатарға бөлініп айнала орналастырған. Оқушылар, әрі көрермендер, әрі ойыншылар екі топқа бөлініп, «үшбұрыш», «дөңгелек» белгілейтін түсті бас киімдер киіп отыр.

       Мерекелі музыка ойнайды.
1-ші жүргізуші:  Құрметті достар, қонақтар! «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешімізді бастайық.
2-ші жүргізуші:  Кешімізге бүгін екі топ білімімен сайысады. Ол – 8-сынып – «Үшбұрыш» тобы, 9-сынып – «Шеңбер» тобы.
1-ші жүргізуші:  Осы топтарға басшылық жасайтын құрметті қонақтарымызды ортаға шақырайық.
2-ші жүргізуші: «Үшбұрыш» тобының басшысы дәрігер маманын қол соғып шақырайық.
1-ші жүргізуші: «Шеңбер» тобының басшысы кәсіпкер ағайымызды қарсы алайық.

Қонақтар өз топтарының қасына отырады.

2-ші жүргізуші: Ойын ережесімен танысайық. Ойын бес турдан тұрады. әр турда 3 сұрақ. Бір сұрақ көрініс түрінде. Әр дұрыс жауап берген сұраққа 10 ұпай. Әр топ басшысына ақыл-кеңес беріп және бір сұраққа топ мүшелері жауап береді.
Мерекелі музыка ойнайды.

1-ші жүргізуші:  І-ші тур. Ежелгі Греция.
1-ші сұрақ: Көрініске көңіл аударыңыздар.
Көрініс: Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр. Қолында әдемі құмыраны ұстаған қара құл кіреді.

Қыз: «Құмыраны тарпедзионға қой» дейді.

2-ші жүргізуші: Құрметті ойыншылар! «Трапедзион» деген сөздің мағынасы және оның математикаға қатынасы қандай?

Топ мүшелері сұраққа жауап береді.

1-ші жүргізуші:  2-сұрақ: мына Ежелгі Греция атақты әйелдерінің ішінде математик – әйел қайсысы?
а)  Афродита
ә)   Клеопатра
б)   Гипатия
в)   Афина
г)   Аспасия
( Жауаптар қағазға жазылып тақтаға ілінген )

2-ші жүргізуші:  3-ші сұрақ: Пифагор мектебі қай қалада алғаш ашылған?
а)   Афина
ә)   Кротон
б)   Рим
в)   Александрия
г)   Спарта

1-ші жүргізуші:  Осымен ойынымыздың І-ші туры аяқталды. Қай топ алға келе жатқаның ұпай белгілейтін тақтадан білейік.

Музыкалық үзіліс.
2-ші жүргізуші:  ІІ-Тур. Шығыс.

Көрініс: Шығыс киімін киген ұстаз бен шәкірттері малдас құрып отыр. Ұстаз көне музыкалық аспапта (қобыз) ойнап отырады. Шәкірттері кітап оқып отырады.

1-сұрақ: Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім? Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілініп қойылған.
а)   Қорқыт
ә)   Омар Хаям
б)   Құрманғазы
в)   Әл-Фараби
г)   Ахмед Яссауи

1-ші жүргізуші:  2-ші сұрақ: XVIIІ-ғасырда Шығыстың қай қаласында астрономия-математика мектебі құрылды?
а)   Тараз
ә)   Түркістан
б)   Бағдат
в)   Пенджин
г)   Отырар

2-ші жүргізуші:  3-ші сұрақ: Түмен қай елдің сөзі және қай санды көрсетеді?
1-ші жүргізуші:  Осы турда кім алда келе жатыр екн?

Мерекелік музыка ойнайды.

2-ші жүргізуші:  ІІ-тур. Батыс.

Функциялар биін тамашалайық.

1-ші жүргізуші:  1-ші сүрақ: Ең алғашқы вертолеттің жобасын салған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз.

(Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілініп қойылған)
а)   А. Циалковский
ә)   Л.Да.Винчи
б)   Ч. Дарвин
в)   К. Гаусс

2-ші жүргізуші:  3-ші сұрақ: Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім?
(Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілініп қойылған)
а)   Паскаль
ә)   И.Ньютон
б)   Лейбниц
в)   Чебышев
г)   Галуа

1-ші жүргізуші:  Алда кележатқан топты қошеметтейік.
Музыкалык үзіліс.
2-ші жүргізуші:  IV-тур.  Ресей.
Көрініс:  Тақта алдында пікір таласып екі адам тұр. Біреу грек, екіншісі орыс – киімін киген.

1-ші жүргізуші:  1-ші сұрақ: Евклидтің бесінші постулатын аксиома деп дәлелдеген кім?
а)   А. Коши
ә)   К. Вейерштрасс
б)   Р. Декарт
в)   Н. Лобачевский

2-ші жүргізуші: 2-ші сұрақ:  Ресейде алғаш компьютердің тышқан тәрізді құралын орыстың ертегісінің кейіпкерінің атымен атады. Ол қай кейіпкер?
1-ші жүргізуші:  Бұл сайысымыздың жеңімпазы кім? Ұпайларды санап қояйық.

Музыкалык үзіліс.
2-ші жүргізуші:  V-турымыз.  Қазақстан.

1-ші жүргізуші:  1-ші сұрақ:  Миллион деген сөзді қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
а)   Ы. Алтынсарин
ә)   А. Кунанбаев
б)   Ш. Уалиханов
в)   А. Байтурсынов
г)   Қ. Сәтпаев

2-ші жүргізуші:  2-ші сұрақ: Физика-математика факультетін бітірген, генерал Панфиловтың туысы кім?
а)   А. Жұбанов
ә)   Н. Тілендиев
б)   О. Жәутіков
в)   Б.Байқадамов

1-ші жүргізуші:  3-ші сұрақ:  Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ?
а)   А. Байтұрсынов
ә)   Ы. Алтынсарин
б)   Қ. Сатпаев
в)   О. Жәутіков

2-ші жүргізуші: Сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтап қошеметтейік. Сайысымыз осымен аяқталды, бірақ кешіміз аяқталған жоқ. Ортаға құрметті қонақтарымызды шақырайық.

1-ші жүргізуші:  Құрметті қонақтар! Сіздердің жұмыс істейтін салаларынызда математика қажет пе? Осы туралы пікірлеріңізді айтсаңыздар.

2-ші жүргізуші: Алтын уақытын бөліп кеген қонақтарға көп рахмет. Осымен кешіміз аяқталды.

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

2 комментария

  1. Зауре Ибраева

    Коп рахмет Гулжазира

  2. Зауре Ибраева

    Коп рахмет Гулжазира

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.