И-7. Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Қызылорда қаласы, № 217 Батыржан Шалғынбаев атындағы орта мектептің І санатты информатика пәнінің мұғалімі Әбуова Жанар Мұратайқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының командалары арқылы үзінділерге амалдар қолдануды меңгерту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа және ептілікке, шапшаңдылыққа, топта жұмыс жасауға  үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдер арқылы пәнге қызығушылығын, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Білім мен білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру, Венн диаграммасы, ассоциация әдісі.
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер, тақырып бойынша флипчарт, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа қағаздар.
Пәнаралық  байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, биология

Сабақтың құрылымы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру . (3 мин)
  2. «Үй тапсырмасын тексеру» айлағы  (5 мин)
  3. «Жаңа сабақ» айлағы. (10 мин)
  4. Сергіту сәті. (5 мин)
  5. «Практикалық тапсырмалар» айлағы. (10 мин)
  6. «Сабақты бекіту» айлағы. (5 мин)
  7. Қорытындылау (2 мин)
  8. Бағалау (1 мин)
  9. Сабақтың рефлексиясы (3 мин)

10.Үйге тапсырма. (1 мин)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме, оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабақта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?(келмеген оқушыларды журналға белгілеу). Олай болса балалар компьютер алдында дұрыс отыру ережесін еске түсіріп, ыңғайланып отырайық. Егер де сабаққа дайын болсақ, барлығымыз бері қараймыз. Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болғалы отыр. Себебі бүгін біз саяхат жасаймыз. Алыстағы “Paint” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.

Оқушыларды  топқа бөлу. Оқушыларға «Бірін-бірі бағалау» парақшасын тарату.

 

2. «Үй тапсырмасын тексеру» айлағы.

Бүгінгі тақырыпқа дейінгі материалдарды еске түсіру арқылы тапсырмаларады орындау.

1- тапсырма. Paint графикалық редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ретімен жаз.

2- тапсырма. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.

3- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. палитраның міндеті қандай?
  2. Бейнелеу түсін қалай таңдауға болады?
  3. Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орнатылады?
  4. Фон түсін қалай таңдауға болады?

3. «Жаңа сабақ» айлағы.

Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы  (выделение) төртбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу   батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік  береді.

 

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

  1. Алмасу буферіне қиып алу
  2. Алмасу буферіне көшіру
  3. Басқа жерге апару
  4. Басқа жерге көшіру
  5. Сурет бойынша көбейту
  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту
  7. Масштабын өзгерту, қисайту
  8. Төңкеру және бұру
  9. Түсін өзгерту
    10. Жою

Үзіндіні көшіру мен жылжыту:

  1. Үзіндіні белгілейміз
  2. Правка – Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз
  3. Правка – Вставить командасын орындаймыз.

 Сабақтың толық нұсқасын көшіріңіз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.