Жоғары білім беруде сараптаушы жүйелер теориясын оқытуды ұйымдастыру

Куникина Б.М.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистарнты

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ САРАПТАУШЫ ЖҮЙЕЛЕР ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 Қазіргі заман даму сатысында болашақ мамандарға білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясаты, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ маманның кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Осыған орай, педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын болашақ маманның кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Білім сапасын жақсарту үшін оқу іс-әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары білімгерлердің жеке интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білімді ұсынуды қажет етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, болашақ мамандарды ЖОО-да оларды кәсіби даярлау үдерісінде жасанды интеллект, дәлірек, сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясының негіздеріне оқыту жүйесін жобалауда негізгісі болып келеді.

Болашақ мамандарды даярлау жүйесінде сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясын оқытуды ұйымдастыру келесі жолдармен мүмкін болады:

  • бірінші – «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің шеңберінде, бүгінгі таңда информатика пәні мұғалімдерін даярлау стандартымен регламенттелген;
  • екінші – болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қорытынды кезеңінде сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясын зерттеуді тереңдетуші және талдап қорытушы арнайы курстың көмегімен.

Сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясын оқып үйрену түрлі мақсаттармен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • жасанды интеллект саласындағы жалпы теориялық білімдерді тереңдету;
  • кейбір пәндік саладағы міндеттерді шешу үшін құрылған дайын сараптаушы жүйелерді қолданудың практикалық дағдыларын өңдіру және теориялық танысу;
  • ақпараттарды өңдеудің қазіргі заманғы әдістері саласындағы білімдерді тереңдету, сараптаушы жүйелері білімдер қорын жобалауда практикалық дағдыларын өңдіру мен оларды инструментальді құралдардың көмегімен жүзеге асыру;
  • сараптаушы жүйелерді бағдарламалауды және практикалық дағдыларын өңдеуді өңдіру.

Аталған оқу мақсаттарына байланысты мамандарды даярлаудың сәйкес деңгейлерін белгілеуге болады:

  • жалпы теориялық;
  • қолданушы деңгейі;
  • сараптаушы жүйелері білімдер қорын жобалаушы деңгейі;
  • сараптаушы жүйелері жасаушы-бағдарламашы деңгейі.

Сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясының негізгі оқу элементтерінің мазмұны:

  • сараптаушы жүйелері;
  • жасанды интеллект тұрғысынан білімдер ;
  • білімдерді алу;
  • білімдерді көрсету;
  • білімді өңдеу.

Оқытудың мазмұнына, пәннің жүйеленуі мен құрылымдануына құрылымдық-логикалық бағыт, мамандардың пікірі бойынша, студенттердің жүйелік білімін қалыптастыруға, білімді бағалаумен өзін-өзі бағалау объективтілігін көтерілуіне оқу бағдарламасының жеке бөліктерін игеру дәрежесін мейлінше объективті әрі терең талдау мүмкіндігіне итермелейді. Нысандар, құбылыстар мен әдістерді белгілеу мақсатында сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясын талдау үшін, оларды оқу элементтері ретінде мақсатқа сай таңдап, И.В.Блауберг, В.С.Тюхтин, А.И.Уемова, Э.Г.Юдин еңбектерінде негізделген жүйелік тәсіл қолданылады.

Құрылымды құрайтын сараптаушы жүйелер теориясы мен білімдер инженериясын тұтас жүйесі ретінде қарастыру, олардың бірліктерін құраушылардың, байланыстар жиынтығы мен олардың сипаттамаларын белгілеу мақсатында қарастыру болады.

Әдебиеттер:

  1. Беспалько В.П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов / В.П.Беспалько, Ю.Г.Татур – М.: Высшая школа, 1989.
  2. Герман О.В. Введение в теорию экспертных систем и обработку знаний / Минск: ДизайнПРО, 1995.
  3. Қойшиева Т.Қ., Батырова Л.Т. «Болашақ мамандарды даярлау жүйесінде сараптаушы жүйелер теориясын оқытуды ұйымдастыру жолдары» мақаласы,  А.Яссауи университетінің хабаршысы, №1, 2012

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.