5-сынып. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Қондыбаева Бекзат Берикболовна Ағылшын тілі қосымша Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі .

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік :Абай Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдай отырып оқушыларға жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата білу;
ә)Дамытушылық : Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға ,ой түюге баулу , шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы танымтүсініктерін дамыту ,сөз мәдениетін дамыту , тіл байлығына үлес қосуға жол ашу,пәнге қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік .Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу,өзін-өзі ұстай білуге,адамгершілкке , жауапкершілікке тәрбиелеп , азаматтық бейнесін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілріде: талдау , салыстыру, ой шақыру, венн диаграммасы ,тест.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылыр ой пікірлері , көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың ұраны:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла .
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
 
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып,сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Абай Құнанбаев өмір баяны. «Қыс» өлеңін жатққа айту.

Қосымша сұрақтар:
1 . Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
2 .  «Қыс» өлеңінен басқа тағыда қандай өлеңдерін білесіңдер?( Жаз , Күз , Қараша желтоқсан сол бір  – екі ай ,Жазғы таң , Ай – әмірші ,Жазғы тұрым).

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

Абай Құнанбаев . «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің ,өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек , өтірік мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.

V. Сөздікпен жұмыс.

Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.
Ғибрәтлі – үлгі деген сөз

VІОқушыларға мәтінмен жұмыс.( Мазмұнын талдау).
VІІ. Әдеби теоралық ұғымдар .(қазақ тілімен байланысты).

Жақсылық – жамандық (Антоним )
Құмарлану – шаттану(синоним)
Сөну – жану (онтоним)

VІІІ .Вен диаграмасы

Бес нәрседен қашық бол                                                                                                           Бес нәрсеге асық бол

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жаңа сабақты бекіту:

8. Тест
1. Абай қай жылы дүниеге келді?
А) 1904
Ә) 1845
С) 1856

2.Абай Құнанбаев қай жерде оқыды?
А) Семейде
Ә) Көкшетау
Б) Мәскеу

3. Абайдың шын есімі кім?
А) Мұхамет
Ә) Ибраһим
Б) әли

4. Абайдың әкесі  мен анасының аты?
А) Әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан
Ә) Әкесі Мұхтар,анасы Зере
Б) Әкесі Мұхамет, анасы Әйгерім.

5. Абай қай жерде дүниеге келді?
А) Шыңғыстау
Ә) Семей
Б) Көкшетау

6. Абай бала кезінде қандай ойын түрін жақсы көрді?
А) Тоғыз құмалақ
Ә) Асық
Б) Алты бақан

7. Абайды бала кезінде жеңгелері не деп  атады
А)  Момыным
Ә) Ботам
Б) Телқоңыр

9.Қорытындылау:

10.Мақал – мәтел жақсы жаман туралы.

11. Үй тапсырмасы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

12. Бағалау.
Бағалау парағын қорыта келе, сабаққа өте жақсы қатысқан … –  «5»,Жақсы қатысқан … – «4», орташа қатысқан … –  «3» деген бағаларды қоямын.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.