Бағдарлама. 5 сынып. Математика.

Алматы қаласы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепбінің математика пәні мұғалімі Досполова Сәуле Аманкелдіқызының «Математика және біз» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің 5-сыныптарына арналған.

Бағдарламаның бағыты: жаратылыстану-математика
Пікір жазғандар :
1.Математика, информатика және физика пән бірлестігінің жетекшісі: Матаева Қ.Ө
2. АТУ-дың информатика және математика пәні мұғалімі аға оқытушы, ғылымыи ізденуші
А. Керімақын.
Пікір
Досполова Сәуле Аманкелдіқызының «Математика және біз» қолданбалы курсы бойынша жасалған авторлық бағдарламасы қолданбалы математика ғылымына байланысты мәні бар еңбек боп табылады. Бағдарламаның тиімділігі бейінді-бағдарлы сыныптарда оқушының теориялық білімін өмір қажеттіліктерімен, заман талаптарымен байланыстыра отырып, кәсіби бағдар беруге бағытталуында. Ұстаз өз тәжірибесінде жинақтаған және өзі ой түйген мәселелерді оқушының ғылымға қызығушылығына, рухани дүниесін байыта отырып жеке тұлға ретінде шығармашылылықпен жұмыстануға мүмкіндік туғызады. Мектептің математика курсы тұрғысынан авторлық бағдарлама пәнді оқытуға өзіндік үлес қосатын методикалық құрал ретінде құнды деп есептеймін.

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасын, типіне және түріне тәуелсіз «Математика» пәні бойынша оқыту сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде

– мемлекеттік білім стандарттын орындау
– қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, ақпараттық техника мен технологиялардың кеңінен қолданылуы математиканы оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін дамытуды талап етеді.
«Математика» пәні мектептің төменгі сатысында жаратылыстану – математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқытылатын пәндер қатарына жатады.
Математиканың негізі 5 сыныпта қалағандықтан, осы 5 сыныпқа арналған қолданбалы курстың ұсынылып отырған бағдарламасын дайындадым.
Мақсаты

– оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру
– оқушылардың интеллектуалдық ойын дамыту.
– математикадан алған білімдерін тереңдету;
– математикалық іс-әрекетке тән және қоғамды толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыру
– қиын және стандартты емес есептерді шешуде психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Міндеті
– ақыл – ой еңбегін мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді, олардың іс – әрекеттің басқа салаларына қолдануды, білімді өз бетімен меңгеру іскерлігін қалыптастыру;
– әр түрлі типтегі есептерді шешумен таныстыру;
– оқушының шығармашылық ойлауы ақпаратқа сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар аталған курсты оқып – үйрену нәтижесінде мынандай міндетті дайындық деңгейін бейнелейтін біліктерді игеруі тиіс:

– 2-ге 3-ке, 9-ға, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін есепке қолдана білу;
– жай бөлшектерге амалдар қолдана білу;
– ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу;
– процент берілген есептерді шығара білу;
– лезде көбейту мен бөлуді білу;
– логикалық есептерді шығара білу.

Курсты ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу , практикалық, дәріс сабақ, т.б.

Курсты оқытудың алғашқы формасы: баяндама даярлау, оқулық жоба- сын қорғау, дидактикалық материалдар дайындау.

Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындады. Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.
Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: деңгейлік тапсырмасының, бақылау жұ- мысының қорытындысы балдық жүйемен бағаланады.
Пәнаралық байланыс: физика, математика, химия, дүние жүзі тарихы, биология, география, сызу.
Сыныбы: 5.
Бөлінетін уақыт мөлшері: барлығы 34 сағат.
Курсты ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, лекция, реферат, конференция сабақ.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: шығармашылық тест, макет қорғау, сынақ.

5- сынып
/аптасына 1 рет, барлығы 34 сағат/
Күнтізбелік жоспары:

№ Тақырыбы Сағат саны
1 Кіріспе.
Математика ғылымы, оның мақсаты 1
2 Математикалық терминдер 1
3 Санау жүйелері. Оларға амалдар қолдану 1
4 Санның 4,6,7,8,11,12,13,25,50 бөлінгіштік белгілері. 1
5 Арифметикалық ребустар 1
6 Үш тоғыздық (999) 1
7 Шехерезада саны. 1
8 Алты (111111) бірлік 1
9 Теңдеу құрып шығаратын есептер 1
10 Тоғыз цифрлар(111111111,222222222,…). Цифрлар баспалдағы. 1
11 Магиялық сақиналар. 1
12 Сіріңкілермен “ойша санау” 1
13 Лездік бөлу. Сүйікті цифрлар. 1
14 Сиқырлы квадраттар. 1
15 “Ақбота”, “Кенгуру” ойындарында бөлінгіштікке берілген есептер. 1
16 “Ақбота”, “Кенгуру” ойындарында бөлінгіштікке берілген есептер. 1
17 Жай бөлшектермен амалдар орындау 1
18 Көбейтудің “орыс” әдісі 1
19 Логикалық жаттығулар. 1
20 Қималармен жүргізілетін жұмыстар. 1
21 Аралас сандарға амалдар қолдану 1
22 Аликвоттық бөлшектер 1
23 Ондық бөлшектерді қосу 1
24 Ондық бөлшектерді азайту 1
25 Ондық бөлшектерді көбейту 1
26 Ондық бөлшектерді бөлу 1
27 Ондық бөлшектермен амалдар орындаудың тиімді тәсілдері 1
28 Координаталық сәуле 1
29 Сандарды дөңгелектеу 1
30 Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы 1
31 Процент 1
32 Процентке байланысты қызықты есептер 1
33 Дөңгелек диаграмма 1
34 Қорытындылау сабағы 1

Әдебиеттер тізімі:
1. А.Е. Алдамұратова «Математика» 2010 жыл
2. Н.Я. Виленкин «Математика» 2010
2. Т.Н. Бияров «Элементар математика есептерінің жинағы» 1992 жыл
3. Е.А.Тұяқов «Оқушы анықтамасы» 2005 жыл
4. «Математика және физика журналы» 2012 жыл

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.