И-10. Диаграммаларды құру, редакциялау және пішімдеу.

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің математика-информатика пәні мұғалімі Бекмухамбетова Нұргүл Рахымқызы

Сабақтың тақырыбы:  §30.

Сабақтың мақсаты: Диаграмма  туралы ұғым қалыптастыра отырып, оны басқаруға , құруға дағдыландыру. MS Office Excel-дің   кестелік процессорының  графикалық мүмкіндіктерін  пайдалану  оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың топпен  жұмыс істеу, ой қорыту салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) тәрбиелiк: оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу; Практикада жиі қолданылатын істердің бірі – диаграмма құра білуге, олардың типтерін қажетті жерде сәйкесінше қолдана білуге үйрету.

б) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту, Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, Олардың   өзіндік ойлау қабілетін, фантазиясын  дамыту.

Көрнекілігі:   интерактивті тақта, дербес компьютерлер, электронды оқулық, слайдтар.

Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың әдісі:  Электрондық оқулықпен жұмыс, Топтастыру стратегиясы, Венн диаграммасы, өз бетіндік жұмыс, БҮҮ стратегиясы

Оқушылар білуі қажетДиаграмма ұғымының мағынасын, диаграмманың тор, аңыз, тақырып,    горизонталь, вертикаль осьтері сияқты  бөліктерін және диаграмманың типтерін  басқаларынан айыра білуі, диаграмма құрастыру кезінде қолданылатын   командаларды және кестеге графикалық  объектілерді кірістіре білуі қажет.

Оқушылар үйренуі қажет: Кестеде көрсетілген мәліметке сәйкес  диаграммының типін таңдап, құрастыра білуі, диаграмманы және диаграмманың жеке элементтерін және кестеге кірістірілген басқа графикалық объектілерді форматтай  білуі  қажет.

Күтілетін нәтиже:
–          Оқушылар Excel кестелік редакторында еркін жұмыс істей алады.
–          Оқушының Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктерін жете меңгереді.
–          Дербес компьютермен, интерактивті тақтамен еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
–          MS Office Excel-дің   кестелік процессорында диаграмма құру, графикалық мүмкіндіктері туралы ұғым қалыптастыру.
–          Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге  жетелейді.
–          Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік;
–          Өз пікірін дәлелдейді , басқалармен келіседі немесе келіспейді.
–          Өзін және өзгені бағалайды..

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тарауды пысықтау үшін Activote құрылғысы арқылы 10 сұрақтан тұратын тест тапсыру.

1 қате – 5, 2 қате – 4, 3 қате – 3 деп бағаланады.

  1. «А1 ұяшығындағы деректі В1ұяшығындағы дерекке бөлу» өрнегі Exсel бағдарламасында қалай жазылады

А) =A1:B1                                    B) =A1*B1                            C) = A1/B1*

  1. Exсel – де өрнек қандай нышаннан басталады?

А) +                             В) Бос орын                          С) = *

  1. Exсel бағдараламасында сұрыптаудың қандай түрлері бар?

А) Артуы бойынша сұрыптау; кемуі бойынша сұрыптау*
В) Көбейту бойынша сұрыптау; арттыру бойынша сұрыптау
С) Төмендеуі бойынша сұрыптау; жойылуы бойынша сұрыптау.

  1. Жаңа құжатты қай батырманың көмегімен құрамыз?

А)     Б)        Г)

  1. Exсel бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосуға болады?

А) Пуск – Программы – Стандартный – Microsoft Excel
В) Пуск – Настройка – Программы – Microsoft Excel
С) Пуск – Программы – Microsoft Excel.*

  1. Exсel бағдарламасында өрнекті енгізу кезінде жақшаны пайдалануға бола ма?

А) Жоқ В) Иә* С) Тек абсолюттік сілтемелерді басқа парақтарға пайдалану кезінде ғана.

  1. Exсel кестелік бағдарламасында Автосумма (Өзқосынды) не үшін керек?

А) Ақпаратты сызбалық түрде ұсыну.
В) Ұяшықтар қосындысын есептеу.*
С) Бағандарды немесе жолдарды сызбалық түрде құру.

  1. Exсel бағдарламасы құжатында өрнекті дұрыс жазу нұсқасын көрсетіңіз?

А) =50$100                                       B) = A3*B3   *                                  C) =A3:100

  1. Exсel кестелік бағдарламасында жазылған құжатты қалай сақтаймыз.

А) Вставка – Сохранить;
B) Правка – Сохранить;
C) Файл – Сохранить как.*

  1. Exсel кестелік редакторы қанша жол, қанша бағаннан тұрады.

А) 256, 65 536*
B) 200, 60 500
C) 150, 536

–       Диаграмма типінің атымен 3 топқа бөлінеді.
(Дөңгелек диаграмма, Гистограмма, Конустық диаграмма)  атауымен  үш топқа бөлу. 1 минут

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.